Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Бәсекеге қабілетті Қазақстанға – салауатты ел»


29 октября 2010, 20:05 | 1 358 просмотров


Қазақстан дәрігерлері мен провизорларының ІІ- сьезінде 4 стратегиялық тапсырма айқындалды. Атап айтсақ, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын жақсарту, халықты қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету, медициналық ғылымды дамыту, ауылдық денсаулық сақтау жүйесін нығайту. Өткен 5 жыл ішіндегі кезеңде 2005–2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдап, оны іске асыру жұмыстары бекітілді. Мемлекеттік бағдарламаның бірінші кезеңіндегі жұмыстарды атқаруға бюджеттен 165,7 млрд теңге бөлінді.

Денсаулық сақтау саласына 2 жаңа заң, 15 бұрынғы заңға толықтырулар енгізілді. Әділет министрлігінің Заңнама институтымен бірлесіп «Қазақстан Республикасының кодексі», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» кодексінің жобасы әзірленіп, мәжіліс депутаттарының талқылануына жіберілді..

Ақысыз медициналық көмекке бөлінген қаржы жылдан-жылға еселеп өсуде. Егер 2005 жылы осы бағытта жұмсалған шығын 118,5 млн теңген болса, науқасқа шалдыққан бір адам 7800 теңге құраған. Ал, 2007 жылы бұл бағытқа 195 млн теңге болса, әр науқасқа-12700 теңгеден келеді. 2006–2007 жылдары емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге 70 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді.

Автор:
«ЖД» ақпарат