Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тұрақтылық артатын болды


29 октября 2010, 20:05 | 1 551 просмотр


«СК-Фармация» ЖШС фармацевтикалық компаниялардың арасынан 2011 жылы дәрі-дәрмек және медициналық заттар сатып алатын жеңімпазды анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі «Самұрық-Қазына Фармацияның» баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«СК-Фармация» ЖШС маркетинг және даму департаментінің директоры Арнұр Нұртаев, былтыр тендер желтоқсан айында өткізілсе, биыл сатып алу процедурасы 2 ай бұрын жүзеге асырылғандығын атап өтті. Бұл дәрі-дәрмектер мен медициналық заттарды Біртұтас дистрибьютордың қоймасына ағымдағы жылдың желтоқсан айында жеткізуге мүмкіндік береді.

«Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС 2009 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық тұрақтылық пен бәсекелестікті өсіру мақсатында құрылған болатын.

Автор:
«ЖД» ақпарат