Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Педиатрия орталығының дәрігерлері бауырдың сирек қатерлі ісігімен ауыратын балаларға 30-дан астам операция жасады


30 октября 2020, 09:31 | 740 просмотров



Педиатрия және балалар хиургиясы ғылыми орталығында (ПБХҒО) балаларда бауыр резекциясы бар ісікті алып тастау бойынша орган сақтайтын сирек ота жасалынады.

Гепатобластома – ерте балалық шақта дамитын эмбриональды бауырдың сирек кездесетін қатерлі ісігі. Қазақстан Республикасында жыл сайын 15 жасқа дейінгі 1 млн. балаға шаққанда гепатобластоманың 1 жағдайы анықталады, бұл жылына 5-6 жағдайға сәйкес келеді. 90% жағдайда ісік 5 жасқа дейін анықталады және жасқа байланысты аурудың екі үдемелі кезі бар: біріншісі туылған кезде немесе өмірінің 1-ші айында, екіншісі өмірінің 16 – 18-ші айларында болады.

Гепатобластома әдетте бауырдың оң жақ бөлігіне әсер етеді және ақшыл-сары түсті бір немесе бірнеше түйіндерден тұрады, капсулалары жоқ, бауыр тініне еркін еніп, өт шығаруға қабілетті. Бірақ бауырдың екі жақ бөлігіне де зақым келуі мүмкін.

«Бүгінгі таңда балалардағы гепатобластоманы ерте анықтаудың негізгі проблемасы – ісіктің сирек кездесетіні және пациенттердің өте кішкентай жасы, бұл кейде диагноз қоюда қиындықтар туғызады және ісік бүкіл бауырға әсер етіп, метастаздары болған кезде меңдеп кету жағдайларына әкеледі. Сондықтан балалардағы осы патологияны уақтылы анықтау тұрғысынан қоғам мен дәрігерлердің көңіл бөлуін, қырағылығын арттыру маңызды, өйткені химиотерапия мен хирургиялық емдеудің заманауи әдістері өміршеңдікті жоғарылатуға, ал кейбір жағдайларда тіпті толық қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні химиотерапия және орган сақтайтын ота жасауға дейінгі курстарды қолданудың арқасында балалардағы гепатобластоманы емдеудің тиімділігі 90%-ды құрады. Педиатрия және балалар хиургиясы ғылыми орталығында соңғы 7 жыл ішінде балалардағы бауыр резекциясы бар қатерлі ісікке 30-дан астам ота жасалды», деп атап өтті аталмыш операцияны жасайтын хирург- дәрігер, Педиатрия орталығының Хирургиялық блок басшысы Константин Хаиров. 

Гепатобластоманың дамуының бастапқы кезеңі айқын симптомдарсыз жүреді, көңіл бөлетін белгілер балада іштің ұлғаюы, тығыз ісінудің пайда болуы (көбінесе оң жақта) және ауырсыну белгілері болуы мүмкін. Гепатобластоманың өршуі тәбеттің жоғалуымен, дене салмағының төмендеуімен, жүрек айнуымен, әлсіздікпен қатар жүреді. Кеш диагноз қойылған жағдайда гепатобластома жасушалары гематогенді жолмен өкпеге, миға, сүйектерге және іш қуысына метастаздар түзе алады.

Бұл операция клиникада 2013 жылдан бері жасалынып келеді.

Автор:
ПБХҒО Баспасөз қызметі