29 октября 2020, 09:09 | 476 просмотров
Мемлекет халықты тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) аясында негізгі медициналық қызметтермен қамтамасыз етеді:
- Жедел және шұғыл медициналық көмек (қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызу);
- Емханаларда қызмет көрсету (әлеуметтік маңызы бар және созылмалы ауруға шалдыққан адамдарға терапевттің, бейінді мамандардың қабылдауы және кеңес беру, зертханалық қызметтер, диагностика, емдеу, вакцинация, скринингтер, 1 жасқа дейінгі балаларды патронаждау, жүктілікті жүргізу);
- Диагностика және емдеу:
Сондай-ақ, белгілі бір ауру бойынша диспансерлік есепте тұрған азаматтар, негізгі ауруы бойынша тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізе алатындығы туралы атап өту қажет. Себебі бұл көмек ТМККК аясында жүзеге асырылады және сақтандыру мәртебесіне байланысты емес. Алайда, егер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында көмек түріне жүгінетін болса, онда сақтандырылу мәртебесі маңызды.
Медициналық мекеме ТМККК пакеті бойынша медициналық көмек көрсетуден бас тартса, qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы Қорға хабарласуларыңызды сұраймыз.