Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

САНАТОРИЙГЕ 100 ЖЫЛ


29 октября 2010, 20:01 | 1 701 просмотр



1910 жылдан бастап «Бурабай» атты туберкулезге қарсы санаторийі өзінің жаз санағын жүргізеді - осы күзгі күндері жүз жылдықты атап өтетін қазіргі «Қарағай» атты республикалық сауықтыру орталығының түп бейнесі.1919 жылы Ленин «Жалпы мемлекеттік мәні бар емдеу аймақтары жайлы» декретке қол қойған, ол бойынша Бурабай ауылында саяжайлар, құрылыстар, жер аймақтары мемлекеттендірілді - осылайша «Бурабай» курортының тарихы

басталды.

Ал 1920 жылы бұл аймақ жалпы мемлекеттік мәні бар курорт болды. 1926 жылы КСРО денсаулық сақтаудың халық комиссары Николай Семашко Бурабайға кіріп шықты. «Известия» газетінде ол былай деп жазған: «Бурабай бүкіл КСРО-да ерекше фин түріндегі тау-климаттық станциясы болып табылады, ол барлық Одақтың науқастарын емдеуге арналған «жөндеу шеберханасы» болуға лайықты».

1926-1940 жылдары аралығында 650 төсекке ескерілген «Бурабай» санаторийінде бірнеше корпустар мен асхана салынды. Ал Ұлы Отан соғысы кезеңінде осында КСРО ғылым Академиясы көшірілген, онда басты ғалым дәрігерлердің, солардың ішінде дүниежүзіне танымал атпен фтизиатр Лев Богуштың жетекшілігімен жарақатталғандарды емдеу үшін 200 төсекке эвокагоспиталь жайылған.

1945-1948 жылдары санаторий маусымды жұмыс істеді, кейін жыл бойы істей бастады. Жаңа корпустар, медицина қызметкерлеріне тұрғын үйлер салынды, материалдық-техникалық база жақсара бастады. «Бурабай» санаторийінде көп жылдар бойы қазіргі уақытта профессор Генадий Вядро жұмыс атқарған. Оның жетекшілігімен туберкулез ауруы бар науқастарды хирургиялық емдеу еніп, дамыған. Өткен жүз жылдықтың 80-ші жылдары 900 төсекке ескерілген «Бурабай» туберкулезге қарсы санаторийі, туберкулезбен науқастарды емдеуге арналған, денсаулықты қалыптастыру үшін баға жетпес табиғи факторлармен қатар, емдеудің әртүрлі сауықтандыру әдістері қең қолданылатын республикадағы ең ірі сауықтандыру орталықтардың бірі болды.

1981 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Бурабай» санаторийін Құрманов Қайырлы Хамзинұлы басқарады. Корпустарды iргелi жөндеу, қазандықтардың санын қысқарту және қоршаған ортаны ластандырмау үшін оларды көмірден сұйық отынға ауыстыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Ал 1999 жылдан бастап қазандық-автоматтардың көмегімен санаторий толық автономды жылумен жабдықтауға көшті. Республиканың денсаулық сақтау жүйесінде оңтайландыруға байланысты шипажайдың төсек қоры қыс

қартылды: 750 дейін, кейін 510 дейін және 1997 жылдан бастап 310 дейін.Соңғы жылдары ішінде 240 төсекті, клубпен, 300 орынды асханамен және емдік- диагностикалық бөліммен жаңа төсек корпусы салынды.60 пәтерлі үй, төрт 12 пәтерлі, он бір 2 пәтерлі коттедждер салынды.

Бүгінгі күнде санаторийде рентген, физио, ингаляция жасайтын бөлмелер, стоматология, емдік шынықтыру және клиникалық лаборатория бөлмелері жұмыс атқарады. Барлық физиоаппараттар ауыстырылған, «Херодент» стоматологиялық машина, тіс дәрігерлік креслосы алынған, лабораторияда аппараттар ауыстырылған. Автопарк және ас бөлімі жаңартылған.2008 жылдың 1 қаңтарынан «Бурабай» шипажайы «Қарағай» республикалық реабилитация орталығына өзгертілген, ал биыл республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорынға қайта құрылған. Қазіргі уақытта 10 дәрігер, 30 мейірбике, 109 қызмет атқарушылар жұмыс істейді. Республикадағы ескі сауықтандыру орталықтардың бірінің жетiстiктері мен табыстары, жоғары білімді мамандар жұмыс атқаратын ұжымның күші арқасында алынды.

Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету ең жаңа деңгейде ұйымдастырылған, тұрғындарға денсаулықты қайтару мақсатында санаторийдың ұжымы бар күштерін салады. Науқастар санаторийден медицина қызметкерлеріне үлкен алғыс сезімімен қайтады.«Қарағай» сауықтандыру орталығында келесі бөлім меңгерушілері еңбегiне лайық мәртебелермен пайдаланады: Саранов Юрий Николаевич және Шувалова Галина Ивановна, дәрігерлер: Джалмұканова, Сакупова, Иванов, Сакупов, Мыншалов, Гурьева, Жабағина; мейірбикелер: Шөкенова, Грязнова, Әлібекова, Дудка, Бапанова, Кузнецова, Ақылбаева; санитаркалар: Федорова, Дүкенова, Шароватова, Сакупова.

Автор:
Людмила КАРПОВА, Ақмола Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз- хатшысы