Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Коронавирустың екінші толқынына дайындық


22 октября 2020, 10:32 | 277 просмотров



Коронавируспен күреске барлығы жергілікті бюджеттен 12,1 млрд.теңге, оның ішінде ТЖ кезінде - 2,0 млрд. теңге бағытталды. Облыс бюджетінен және резервінен коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындалуға қосымша 7,3 млрд. теңге бөлінді (2 компьютерлік томограф, 150 бірлік ӨЖЖ аппараттары және медициналық ұйымдарға арналған дәрілік заттар, жылжымалы рентген-аппарат, 3 цифрлық рентгенологиялық жүйе, 100 бірлік оттегі концентраторы, 2000 дана өкпені емдеуге арналған пульсоксиметрлер мен виброакустикалық массажерлер және т. б. сатып алынды).

Пандемияның ықтимал екінші толқынына 5280 төсек-орын дайындалды.

Коронавирустық инфекциямен күресу мақсатында модульдік инфекциялық аурухана пайдалануға берілді

Талдықорған қаласы 200 төсекке, оның ішінде 20 реанимациялық төсек дайындалды.

Аурухананың штаттық саны 452 ставканы құрады (оның ішінде дәрігерлер - 66, орта медициналық персонал – 180, кіші медициналық персонал - 159, басқалары – 47).

Дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан-Ресей медициналық университетімен денсаулық сақтау мамандарын, интерндерді, резиденттерді көп деңгейлі даярлау бойынша оқу орталығын құру туралы Меморандум жасалды.

Талдықорған және Алматы қалаларындағы көп салалы ауруханалардың базасында ауыр науқастарға шұғыл көмек көрсету үшін заманауи жабдықтармен жабдықталған орталықтар құрылды. Сондай–ақ, балалар жұқпалы аурулар ауруханаларының базасында балаларға арналған екі COVID-орталығы қосымша жарақтандырылуда.

Екінші толқынға дайындық аясында СOVID-орталығына 1 цифрлық рентген-аппарат, 20 ӨЖЖ аппараты, 12 концентратор, 30 монитор, 8 виброакустикалық аппарат, 130 пульсоксиметр медициналық жабдықтар жеткізіледі.

Қазіргі уақытта ауруханаларда 404 ӨЖЖ аппараты бар. Республикалық бюджет есебінен тағы 129 құрылғы жеткізіледі деп күтілуде. Жергілікті бюджеттен  1,2 млрд.теңге сомасына 100 бірлік ӨЖЖ аппараттары сатып алынды. Сонымен  облыстағы ӨЖЖ аппараттарының жалпы саны 533 бірлікке жетеді.

Медициналық ұйымдарда 973 оттегі концентраторы бар.

Науқастарды оттегімен қамтамасыз ету мақсатында 7 станция пайдалануға берілді, 3-тен аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін жоспарлануда. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 818,2 млн.теңге бөлінді.

Оксигенотерапиямен қамту 40% - ға жеткізіледі

Өңірдің инфекциялық және провизорлық стационарларында 125,3 мыңнан астам қызуды түсіретін таблетка, 22,7 мың вирусқа қарсы препарат, сондай-ақ 178 мың антибиотик бар.Тұрақтандыру қоры арқылы дәрілік заттар резервін қалыптастыру үшін жергілікті бюджеттен 500 млн.теңге бөлінді.

Халықтың жіті респираторлық вирустық ауруларының алдын алу мақсатында бірыңғай дистрибьютормен 300 мың доза көлемінде тұмауға қарсы вакцина жеткізуге шарт жасалды. 15 қыркүйекте халықты тұмауға қарсы егу  баталды. Ол үшін бірыңғай дистрибьютор 150 мың доза вакцина сатып алды. Бірыңғай дистрибьютормен 150 мың доза мөлшерінде тұмауға қарсы вакцина жеткізуге қосымша шарт жасалды. Бірінші кезекте халықтың осал топтарына жататын адамдар егіледі.

560 екпе кабинеті ашылды. 20 семинар өткізілді, 600 дәрігер және 1700 орта буын медицина қызметкерлері дайындалды.

Науқастарды емдеу үшін 3455 медицина қызметкері, оның ішінде 851 дәрігер жұмылдырылды.

Сондай - ақ, ЖОО-ның 45 түлегі, 281-Медициналық колледждің түлегі және  зейнеткер дәрігерлер науқастарға консультативтік көмек көрсетеді.

Облыста 8 зертхана жұмыс істейді, қуаттылық тәулігіне 4 мыңға дейін жеткізілді.Барлығы 212 557 ПТР-зерттеу жүргізілді. Тестілермен қамтылған халықтың көрсеткіші 8314 құрады

Облыста 165 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді.Лизинг бойынша 105 жедел жәрдем автокөлігі 25 қазанда жеткізу күтілуде.

Жергілікті бюджет қаражатынан емханалар жанындағы 4 санат бойынша жедел жәрдем бригадаларына 30 бірлік автокөлік сатып алуға қаражат бөлінді. Ағымдағы жылдың 25 қазанына дейін облысқа 12 жылжымалы медициналық кешен жеткізіледі.

Бұдан басқа, "Сарыарқа Авто Пром" ЖШС мен "Самұрық - Қазына" АҚ гуманитарлық көмек шеңберінде 18 бірлік санитарлық автокөлік берілді. Бригадалар саны 205-ке дейін артады.Автопарк 50% жаңартылады.

Жалпы, ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін 180 бірлік автокөлік сатып алынады, бұл автопаркті 50% - ға жаңартуға және бригадалар санын 205-ке дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Науқастарды дәрілік препараттармен және төсек-орындармен қамтамасыз ету тұрақтанды.Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Автор:
ЖД Ақпарат.