Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Covid-19: Қазақстан қанша вакцина сатып алатыны белгілі болды


10 сентября 2020, 07:11 | 98 просмотров



Қазақстан коронавирусқа қарсы 5,5 миллион вакцина дозасын сатып алатын болды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. 
"Біз коронавирустық инфекцияға қарсы 5,5 миллион доза сатып алу мәселесін пысықтап жатырмыз. Осы вакциналарды өндіруші түрлі елдермен Қазақстан аумағына сатып алу және жеткізу мүмкіндігі қарастырылады. Сонымен қатар, біз қазақстандық вакцинаны өндіру және нарықта тіркеу мәселесін қарастырудамыз, ол да клиникалық зерттеулер кезеңінде жақсы нәтижелер көрсетіп отыр", деді Алексей Цой.

Автор:
Egemen.kz