Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

"Азаматтарға арналған үкіметтің"


8 сентября 2020, 09:16 | 115 просмотров



"Азаматтарға арналған үкіметтің" Алматы облыстық филиалында «Бақытты клиент» акциясы өткізілуде.
Қызмет алуға келген көп балалы аналар, жаңа босанған аналар, ардагерлер, зейнеткерлер мен алғаш рет төлқұжаттарын рәсімдеуге немесе дайын құжаттарын алуға келген азаматтарға акция аясында құттықтау айтылып, сыйлықтар мен тәттілер таратылды. Қызмет алушылардың көңіл-күйін көтеруге бағытталған бұл іс-шара Қазақстанның барлық аймақтарында өтіп жатыр.

Әрине, бұл жерде сыйлықтың көлемі мен бағасы маңызды емес, бастысы - осындай қиын сәтте тосынсый жасау арқылы халықтың көңіліне демеу беріп, қуаныш сыйлау.

Автор:
"Азаматтарға арналған үкімет " мемлекеттік корпорациясы Алматы облысы