Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы қалай алуға болады?


8 сентября 2020, 09:13 | 112 просмотров



Егер үйіңіз тұрған көшенің атауы не нөмірі ауысқан болса, көп жағдайда жылжымайтын мүліктің мекенжайын айқындайтын анықтама сұратылып жатады. Оны egov.kz арқылы қалай алуға болады, Oqyp&Toqyp алыңыз!

💻Ол үшін порталға кіріп, авторизациядан өтіңіз
📌Іздеу жолағынан немесе Жылжымайтын мүлік бөліміндегі Сатып алу, сату тарауынан «ҚР аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы алу» қызметін табыңыз
📌Қызметке онлайн сұрау жасаңыз
📌Әрі қарай жылжымайтын мүліктің ағымдағы мекенжайы бойынша мәліметтерді толтырыңыз
📌Жылжымайтын мүлік түрін таңдаңыз
📌Бұдан кейін сізге мекенжайды нақтылау не болмаса мұрағаттағы мекенжайын көрсете отырып, анықтаманы алу ұсынылады
⏳Сұратқан анықтама онлайн түрде 15 минут ішінде дайын болуы тиіс!
Онлайн болу оңай

Автор:
"Азаматтарға арналған үкімет " мемлекеттік корпорациясы Алматы облысы