Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алматы облысының аумағында қатаң карантиндік шараларды ұзарту туралы


24 июля 2020, 12:10 | 139 просмотров



 «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына және «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» және 2020 жылғы 3 шілдедегі №44 «Қатаң шектеу карантиндік шараларды енгізу туралы» Қаулыларымен, Алматы облысы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен, Қазақстан Республикасында, оның ішінде Алматы облысы аумағында СOVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы материалдарды қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Алматы облысында карантинді жалғастыру, және Алматы облысының аумағында қатаң шектеу шараларын ұзарту. Карантин режимі мен мерзімдері «COVID-19» коронавирустық жұқпасының таралу жағдайының өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.
  2. Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, облыстық полиция департаменті, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы және «Атамекен» ҰКП келесі қызметтердің тоқтатылуын қамтамасыз етсін:
    • Қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, кофеханалар, дәмханалар, банкет залдары, асханалар, донер, барлар), онлайн-тапсырыс беруді және жеткізуді ұйымдастыруды, сондай-ақ ашық ауада 30 орыннан аспайтын жазғы алаңдарды қоспағанда.
    • Облыс аудандары мен қалалары арасында, сондай-ақ облыс аумағынан тыс жолаушыларды автотасымалдауды жүзеге асыратын автовокзалдар.
    • Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар.
    • Азық-түлік бөлімдері мен дәріханаларды қоспағанда (осы ғимараттағы), сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері (орталықтары), сауда желілерінде.
    • Онлайн-тапсырыстарды ұйымдастыруды және жеткізуді қоспағанда, 500 м2 астам азық-түлік емес дүкендер.
    • Мәдениет объектілері, оның ішінде мұражайлар, театрлар, мәдениет үйлері.
    • Фитнес объектілері, тренажер залдары (орталықтары) және спорт кешендері (үйірмелер, секциялар және т. б.).
    • Спорт объектілері.
    • Монша, сауна, СПА, массаж орталықтары.
    • Саябақтар, скверлер.
    • Бассейндер, аквапарктер, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ыстық көздер.
    • Сұлулық салоны, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтар мен салондар.
    • Діни объектілер.
    • Білім беру орталықтары, үйірмелер, артклубтар, балалардың бос уақыты және қосымша оқыту орындары.
    • Балалар түзету кабинеті.
    • Барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдар.
    • Балалар сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлер.
    • Кинотеатрлар, көрмелер, интернет және компьютерлік клубтар.
    • Түнгі клуб, кальян барлары.
    • Ойын-сауық нысандары (букмекерлік, бильярд, караоке, PS-клубтар, квестдар, антикафе, боулинг-орталықтар, лото-клубтар, балалардың ойын алаңдары, батуттар және т.б.).
    • Балаларға арналған күндізгі әлеуметтік оңалту орталықтары.
  3. Аудандар мен қалалардың, ауылдық округтердің әкімдері, полиция департаменті және Алматы облысының басқа да жұмылдырылған қызметтері қамтамасыз етсін:
    • Ауданаралық және қалааралық автобус қатынастарын тоқтата тұру.
    • Жұмыс кестесі бірқалыпты болуымен қоғамдық көлікті уақыт бойынша шектеу (сағат 06:00-ден 10:00-ге дейін, сағат 17:00-ден 21:00-ге дейін) және елді мекендер ішіндегі маршруттарда қоғамдық көлік санын көбейту, маскаларсыз және барлық отыратын орындарды толтырғаннан кейін жолаушыларды жібермеу үшін қызметкерлермен қамтамасыз етуді.
    • Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қолданыстағы қаулыларымен белгіленген қосымша талаптарды міндетті түрде сақтай отырып, елдің басқа өңірлеріне/аймақтарынан авиа ұшуларға, темір жол жолаушылар тасымалдарына және жеке автокөліктердің қозғалысына рұқсат беруді.
    • Осы қаулының 2-тармағында көрсетілген объектілер мен қызметтердің жұмыс істеуін тоқтата тұруды.
    • Бір отбасы мүшелерінен басқа, елді мекендер ішінде 3 адамнан астам топтың орын ауыстыруына тыйым салуды.
    • 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуын шектеуді.
    • Кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз өз бетінше жүруіне тыйым салуды.
    • Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда жиналыстар, кеңестер, конференциялар, форумдар, семинарлар, съездер және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салуды.
    • Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат үлгісіндегі оқу орындарында карантин және санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтауды.
    • Жұмыс істеп тұрған объектілердегі жұмыстың күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық және эпидемияға қарсы режимдерінің сақталуын бақылау, қызметін тоқтату бойынша талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу. Әкімдіктер жанындағы мобильді топтармен объектілерді іріктеп тексеру. Мемлекеттік органдар (ұйымдар), ұлттық компаниялар, басқа да офистер қызметкерлерінің 80% - ын қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстыру жөніндегі талаптардың орындалуына мониторинг жүргізуге ерекше назар аударылсын.
    • Қызметті жүзеге асыратын барлық объектілерде санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейтуді (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, күніне кемінде екі рет беткейлерді өңдеу, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып ылғалды жинау, желдету).
    • Әр рейс алдында қоғамдық көлікті, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне кемінде екі рет), супермаркеттерді, базарлардың, әуежайлардың, теміржол және автовокзалдардың, спорт снарядтарының, балалар спорт алаңдарының, жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер өтпелерінің таяныштарын, орындықтарды, банкоматтарды, банк терминалдарын, POS-терминалдарды жуу және дезинфекциялау құралдарын,қолдана отырып өңдеу жүргізуді.
    • Ашық азық-түлік және азық-түлік емес (авто, киім-кешек, құрылыс, мал және т.б.) базарларда, жәрмеңкелерде кіру және шығу бөлек, кіре берісте дезинфекциялық кедергілер мен тоннельдер орнатылуын.
    • Әрбір мемлекеттік органда (ұйымда, мекемелерде), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 1-қосымшасына сәйкес әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, осы ұжымда COVID-19 сырқаттанушылық тіркелген жағдайда ауыстыру үшін басшы және атқарушы құрамдар қатарынан негізгі және қайталаушы топты қалыптастыруды көздеу. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80% - ы қашықтықтан жұмыс нысанында қалады.
    • Жабық үй-жайларда ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, отбасылық және естелік іс-шаралар, сондай-ақ спорттық іс-шаралар өткізуге тыйым салуды.
    • Кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметіне тыйым салды.
    • Денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, карантин үшін жергілікті атқарушы органдар белгілеген үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің үйде медициналық көмек көрсетуі, ошақта эпидемиологиялық тексеру жүргізу, науқастар мен байланыста болған адамдарға сұрау және сауалнама жүргізу кезінде аудио, фото және бейне түсірілімдерді жүргізуге тыйым салуды.
    • Қоғамдық тамақтану объектілерінде кальяндарды пайдалануға тыйым салуды.
    • Әскери бөлімдерге келгеннен кейін әскерге келушілерді ПТР әдісімен COVID-19-да зертханалық тексеруді.
    • Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысына 4-қосымшаға сәйкес жеке қорғану құралдарын пайдалану және кәдеге жарату бойынша ұсынымдарды сақтауды.
    • Халық арасында COVID-19 таралуының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді.
    • Халықтың жиналуына жол бермеу және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында банктердің, пошта бөлімшелерінің алдын ала жазылу, электрондық кезекпен және басқа да шаралар бойынша жұмысын ұйымдастыруды.
    • Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, білімді бағалаудың (Ұлттық бірыңғай тестілеу, білім беру қызметкерлерін біліктілік тестілеу, олимпиадалар, түсу және бітіру емтихандарын) барлық түрлерін өткізуді қоспағанда, білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқыту.
  4. Талдықорған қаласының әкіміне келесі шектеулерді жалғастыру:
    • Шомылуға жол бермеу үшін субұрқақтар айналасына қоршау қарастыру.
    • Ашық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмыс уақытын сағат 15:00-ге дейін шектеу.
    • Сауда үйлерінің (орталықтардың) жұмысын тоқтату.
  5. Ұйғыр ауданының әкімі кіруді және шығуды шектеп, мобильді бекеттердің жұмысын жалғастырсын және қозғалуға рұқсат етілген адамдар мен ұйымдардың санаттарын анықтасын. Ыстық көздерде орналасқан демалыс аймақтары мен базаларының, санаториялық-курорттық объектілердің жұмысын тоқтата тұру.
  6. Алакөл ауданының әкімі, «Алакөл аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК, «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК «Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы» филиалы, ШЖҚ РМК «Ұлттық сараптама орталығы» Алматы облысы бойынша филиалы қамтамасыз етсін:
    • Халық арасындағы тиісті контингенттерге, сондай-ақ COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар демалушылар арасында ПТР талдау жүргізу үшін Ақши ауылының дәрігерлік амбулаториясының аумағында жылжымалы авто-зертхананы ұйымдастыруды.
    • Авто-зертхананы қалыпты жұмыс істеу үшін барлық қажетті жабдықтармен, шығыс материалдарымен және коммуникациялармен
  7. Алматы облысының аудандары мен қалаларының әкімдері, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы және осы тармақта көрсетілген басқа да мүдделі заңды және жеке тұлғалар халыққа қызмет көрсету орталықтарының, Оpen Талдықорған сервис жұмысын онлайн форматта қамтамасыз ету, онлайн форматта көрсету мүмкін емес қызметтерді алдын ала тапсырыс беру бойынша kz,  EgovKZBot 2.0 жеделхат-бот арқылы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс кестесін орнатумен, Call орталықтарының жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін демалыс және мереке күндері тыйым салынсын.
  8. Аудандар мен қалалардың, ауылдық округтердің әкімдері, туризм субъектілері (объектілеріне), оның ішінде демалыс үйлері (базаларға, аймақтарға), туристік базалар, санаторлық-курорттық ұйымдары, ұлттық табиғи парктер қамтамасыз етсін:
    • Толтырылуы 50 %-дан артық емес.
    • Карантиндік шаралар кезеңінде Алматы облысының мемлекеттік ұлттық табиғи парктері аумағындағы топтық турларды, автобустарда экскурсияларды, сондай-ақ іс-шараларды тоқтата тұру, сонымен қатар жеке жеңіл автокөлікте баруды бір отбасы мүшелерін қоспағанда, автомашинада үш адамнан аспайтындай шектеуді.
    • Объектілер аумағына кіру кезінде дезинфекциялық тосқауылдар мен тоннельдер орнатуды;
    • Демалушылардың барлық болу және демалу уақытында объектілердің аумағынан тыс жерлерге шығуына тыйым салуды;
    • Әр рейстен кейін автокөлікті дезинфекциялауды ұйымдастыру және жүргізушілердің гигиенасына жағдай жасауды;
    • COVID-19-ды жоққа шығармайтын белгілері бар тұлғаларды ерте анықтау мақсатында, қызметкерлер мен демалушыларды күнделікті бақылауды.
    • 100 орыннан астам объектіде медицина қызметкерінің штатын (немесе келісім-шарт бойынша), изоляторы бар медициналық пункттерді қарастыру.
  9. Алматы облысының туризм басқармасы, Алматы облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 17 қосымшасына сәйкес демалушыларды (туристерді) қабылдау жөніндегі талаптарды түсіндіре отырып, мобильді топтар құруды және туризм объектілерінің, оның ішінде демалыс аймақтарын (базаларын, үйлерін), туристік базаларды, Ұлттық парктерді, шипажай-курорттық объектілердің әзірлігіне мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін.
  10. Алматы облысының тұрғындарына:
    • Бір отбасы мүшелерінен басқа, елді мекендер ішінде 3 адамнан аспайтын топтармен қозғалуға рұқсат етіледі.
    • Ашық ауада жеке жаттығуларға рұқсат етіледі.
    • Жабық үй-жайларда және көшеде, оның ішінде сауда объектілерінде, қоғамдық орындарда, қоғамдық көлік аялдамаларында және басқа да көпшілік жиналатын орындарда бір-бірінен кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау.
    • Барлық жерде, оның ішінде қоғамдық көлікте бетпердесіз болуға тыйым салынады.
    • Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (тұмау, түшкіру, дене қызуының көтерілуі) пайда болған кезде жедел медициналық көмекті 103 нөмірі бойынша шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай, үйде дереу медициналық көмекке жүгінуге болады.
    • Жабық үй-жайларда ойын-сауық, бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды, спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.
    • елді мекендер ішінде бірінші қажеттілік тауарларынан, дәрі-дәрмектер және зейнетақы төлемдері үшін қозғалуынан басқа, 65 жастан асқан азаматтардың елді мекендер ішінде, облыс аудандары мен қалалары арасында, сондай-ақ облыстан тыс жерлерге  қозғалуы шектеледі.
    • Кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз өз бетінше жүруіне тыйым салынады.
  11. Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы және «Атамекен» ҰКП күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қызметке рұқсат беруді қамтамасыз етсін:
    • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 25-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим ұйымдастырылған өнеркәсіптік, өндірістік кәсіпорындар, құрылыс компанияларының (құрылыс салушалардың, ашық ауадағы құрылыс жұмыстарының.
    • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 2-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим және аймаққа бөлу талаптарын сақтай отырып, меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдар (орталықтар).
    • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 29-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим талаптарын сақтай отырып, меншік нысанына қарамастан стоматологиялық ұйымдар (орталықтар).
    • Ветеринариялық қызметтер, оның ішінде ветеринариялық және мал шаруашылығының жедел жәрдем қызметтері.
    • Зертханалардың барлық түрлері.
    • Супермаркеттер, азық-түлік дүкендері, оның ішінде көп пәтерлі тұрғын үйдегі, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы дүкендер.
    • Дәріханалар, оның ішінде ветеринарлық.
    • Облыстың коммуналдық қызметтері мен инфрақұрылымдары (электр энергетикалық компаниялар, сумен жабдықтау/жылумен жабдықтау, өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері, тұрғын үй қорын басқару саласындағы қызметтер (электриктер, сантехника, аулалар мен үй-жайларды жинау, авариялық қызмет, оның ішінде лифтілерге қызмет көрсету), көшелер мен үй-жайларды жинау, қоқыс пен қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату, дезинфекциялық қызметтер, жол қозғалысын реттеумен техникалық құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдар.
    • Телекоммуникация және байланыс (инженерлік қызмет қызметкерлері үшін (ұялы байланыстың базалық станцияларын, жөндеу бригадаларын, коммуникация желілерін басқару және карантин кезеңінде барлық жабық нысандарға, оның ішінде базалық станциялар және байланыс операторларының жабдықтары орналасқан сауда нысандарына қол жеткізе отырып, техникалық қолдау орталығын монтаждау және салу), ұялы байланыс операторларының абоненттік бөлімшелері.
    • Бұқаралық ақпарат құралдары.
    • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 13-қосымшасына сәйкес жұмыс алгоритмін сақтай отырып, ауыл-шаруашылық жұмыстарын жүргізетін ұйымдар мен жұмысшылар.
    • Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және қалыпты жұмыс кестесімен автожанармай құю және автогаз құю станциялары.
    • Жұмыс кестесін (сағат 06:00-ден 10:00-ге дейін, сағат 17:00-ден 21:00-ге дейін) шектеумен қоғамдық көлікпен адамдарды тасымалдау бойынша қызметтер, бірқалыпты кестемен, отырғызу орындарының санынан көп емес толымдылығымен және елді мекендер ішіндегі маршруттарда қоғамдық көлік санының ұлғаюымен, маскаларсыз және барлық отырғызу орындарын толтырғаннан кейін жолаушыларды жібермеу үшін қызметкерлермен қамтамасыз ету.
    • Толымдылығы отыратын орындардың санынан аспайтындай, таксидің ресми қызметтері, мамандандырылған көлік тиісті белгілермен (таксиге арналған белгі) және жүргізушінің жеке басы туралы ақпараты жолаушыға көрнекті орында (жүргізушінің паспорттық деректері, кәсіпорынның деректері, телефон нөмірі, атауы, автомашинаның нөмірі) жабдықталуы тиіс.

       Санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау талаптарын күшейту. Әрбір рейстен кейін дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, есік тұтқаларын және салонның ішінде ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізуге міндетті, әрбір 3 сағат сайын ауыстырудың кезеңділігін ескере отырып, жеке қорғаныш құралдарын (қорғаныш бетперделер, қолғаптарды), сондай-ақ қолды өңдеуге арналған антисептиктерді пайдалануы тиіс.

  • Сауда-логистикалық орталықтар, қоймалар, олардың жұмысын қамтамасыз ететін тұлғалар мен ұйымдар.
  • Салттық қызмет көрсету нысандары, зираттар.
  • Мемлекеттік басқарудың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мемлекеттік, құқық қорғау және басқа да мамандандырылған органдар мен олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары.
  • Жолдар мен көпірлерге, оның ішінде темір жолдарға қызмет көрсету жөніндегі қызметтер.
  • Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып ұзақ және тығыз қатынасты болдырмайтын нысандар, құрылыс дүкендері, саяжай құралдарын тарататын дүкендер, оптика (дүкендер), фотосалондар, гүл дүкендері, зоодүкендер.
  • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 6-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмыс кестесін сағат 10:00 ден 17:00ге дейін шектеумен техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу, шиномонтаж, автосалондар.
  • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 7-қосымшасына сәйкес медициналық бетперде киген келушілерді кіргізуді қамтамасыз ете отырып және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмыс кестесін сағат 10:00 ден 17:00ге дейін шектеумен химиялық тазарту, кір жуу, ұйым.техникасын жөндеу жұмысын.
  • Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 09:00 ден 17:00ге дейін шектеумен бизнес орталықтары, сақтандыру компаниялары, адвокаттың, нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің, коллекторлық қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б).
  • Спорттық іс-шаралар мен оқу-жаттығу сабақтары, оның ішінде жалпы дене шынықтыру және арнайы даярлық, техникалық-тактикалық, қалпына келтіру, сауықтыру даярлығы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 8-қосымшасына сәйкес жұмыс алгоритмін сақтай отырып, көрерменсіз, төмен таулы, орта таулы және биік таулы жағдайларда ашық спорт объектілерінде (ипподромдар, стадиондар, лукодромдар, алаңдар және басқалар).
  • Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 10-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып халыққа қызмет көрсету нысандары: баспаханалық қызмет көрсететін нысандар, тігін ательелері, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу бойынша сервис, химиялық тазалау, кір жуу орындары және үй-жайларды жинау, ұзақ, тығыз қарым-қатынасты болдырмайтын өзге де нысандар.
  • Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 12-қосымшасына сәйкес жұмыс алгоритмін сақтаумен әуежайлар, теміржол вокзалдары.
  • Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 15-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және қосымша талаптарды сақтай отырып, толымдылығы отыратын орындар санынан көп емес қоғамдық көліктер.
  • Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып екінші деңгейдегі банктер, кредиттік серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары, ломбардтар, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және реттеу Агенттігі мен қаржы нарығын дамыту актісіне сәйкес уақыт және жұмысшылар санын шектеумен.
  • Жұмыс режимі әдеттегідей айырбастау пункттері, оның ішінде банктік емес пунктері.
  • Күзет ұйымдары.
  • Ақпараттық-коммуникациялық технология компаниялары.
  • Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 5-қосымшасына сәйкес, ашық азық-түлік және азық-түлік емес базарлары күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
  • Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, құтқарушыларды, техникалық қауіпсіздік бойынша жауаптыларды, күзет жән басқа мамандандаырылған ұйымдарды қайта оқыту үшін мамандандырылған оқу орталықтарын.
  • Көрермендерсіз, 50 орынға дейінгі ашық стадиондар.
  • Қапшағай қаласының РМҚК «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы».
  • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 11-қосымшасына сәйкес, халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы нысандар (қонақ үйлер, отельдер) мен туризм нысаналары.
  • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 17-қосымшаға сәйкес алгоритмді сақтай отырып, толтырылуы 50% дан аспайтын шипажайлық-курорттық мақсаттағы объектілер, демалыс үйлері.
  • Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 21-қосымшасына сәйкес қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмыс алгоритмін сақтай отырып, ұжымдық іс-шаралар өткізбей, қоғамдық тамақтану объектілерінің ашық ауасындағы 30 орыннан аспайтын жазғы алаңдар.
  1. Алматы облысының аудандары мен қалаларының ведомствоаралық комиссиялары, облыстың аудандары мен қалаларының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері ведомстволық бағынысты аумақтардағы эпидемиологиялық жағдайға және COVID-19 аурушандығының өсу қарқынына байланысты өзге де карантинді шараларды күшейту шараларын қабылдауға құқылы.
  2. Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, облыстық денсаулық сақтау басқармасы және де басқа да тартылған мемлекеттік органдар (ұйымдар) қамтамасыз етсін:
    • COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын симптомдары бар науқастар үшін қосымша провизорлық стационарлардың жұмысын.
    • COVID-19-ды жұқтырудың жоғары қаупі болған адамдардың карантинін және COVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды тасымалдауды.
    • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 31-қосымшасына сәйкес, COVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды оқшаулау үшін карантиндік стационарлардың жұмысын.
    • Карантиндік стационарларды медициналық емес мақсаттағы ұйымдарда (қонақүйлер, жатақханалар, шипажайлар және т.б.) орналастыру кезінде оларды жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуді және эпидемияға қарсы жұмыс режимін сақтауды көздей отырып, тәулік бойы карантин талаптарының сақталуын бақылау бекеттерінің жеткілікті көлемдегі жұмысын.
    • COVID-19 жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациенттердің шұғыл көрсетілімдері бойынша емдеуге жатқызу үшін көп бейінді стационарлардың жұмыс істеуін;
    • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 2-қосымшасына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарын аймақтарға бөлуді және жұмыс режимін сақтауды;
    • Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, реанимациялық жабдықтардың және шығыс материалдарының қажетті санын сатып алуды;
    • Теміржол және автовокзалдардың кіреберісінде температураны қашықтықтан өлшеуге арналған құралдармен;
    • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 32-қосымшасына сәйкес COVID-19 коронавирустық инфекциясынан қайтыс болған адамның мәйітін жерлеуді қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізуді.
    • Қосымша провизорлық және ифекциялық төсек орындарын бөлуді.
    • Инфекциялық және провизорлық стационарларда жұмысқа тартылған медицина қызметкерлерді халықтан, отбасынан оқшаулап, гигиена мен демалыс үшін қолайлы жағдай жасай отырып, стационарлардан тыс (қонақ үйлер, санаторийлер және т.б.) тұруын, тамақтануын. Бөлмеде 1 немесе 2 адамнан орналастыруды.
    • Медициналық қызметкерлерді инфекциялық және провизорлық стационарлардан/ стационарларға және тұратын жерлерден тасымалдау үшін көлік бөлу. Тұрақты жүргізушілерді бекіту және оларға медициналық бақылау жүргізуді.
  3. «Қазпочта» АҚ Алматы облыстық филиалы бөлімшелердің онлайн көрсетілмейтін қызметтер үшін жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 00-ден 17.00-ге дейін белгілей отырып, әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қызметкерлердің халыққа бір реттік қолғаптар мен медициналық бетпердеде қызмет көрсетуін, пошта хат-хабарларымен (хаттар, сәлемдемелер және т.б.) байланысты жұмыстарды жеке қорғану құралдарымен (халат, медициналық бетперде, қолғаптар) жүргізуін қамтамасыз етсін
  4. Карантин шаралары кезінде жұмыс істейтін нысандарға мынадай санитариялық және дезинфекциялық режимдерді сақтау қажет:
    • Жұмысы қашықтан жүргізілуі мүмкін қызметкерлерді қашықтан жұмыс режиміне ауыстыру.
    • Кіру және шығу кезінде қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату.
    • Барлық қызметкерлерге бір рет қолданылатын бетперде мен қолғаптарды пайдалану.
    • Үстелдердің, сөрелердің, орындықтардың, баспалдақтардың тұтқаларының, есіктердің едендері мен барлық беттерін дезинфекциялық құралдармен қолдану нұсқаулығына сәйкес күніне кемінде 3 рет өңдеу.
    • Келушілердің бетпердесіз болуына жол бермеу.
    • Келушілердің әлеуметтік қашықтығын кемінде 2 метр сақтауды қамтамасыз ету.
  5. Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасына, облыс аудандары мен қалаларының әкімдеріне, меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдардың басшылары қамтамасыз етсін:
    • Гемодиализ қызметтерін және онкологиялық науқастарға, сондай-ақ емделушінің өміріне емдеуді шегеру қауіп төндіретін хирургиялық аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуді қоспағанда, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінде жоспарлы медициналық қызметтер көрсетуді тоқтата тұруды.
    • Халықты жоспарлы иммундауды, өмірлік көрсеткіштер бойынша медициналық манипуляцияларды, жүкті әйелдерді қабылдау мен скринингті қоспағанда, МСАК ұйымдарында жоспарлы медициналық қызметтер көрсетуді тоқтата тұру. Қашықтықтан қызмет көрсету форматында дәрігерлердің жоспарлы кеңестерін өткізу.
  6. Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы, облыстың аудандар мен қалалардың Әкімдері қамтамасыз етсін:
    • COVID-19-да зертханалық тексеру жүргізу үшін Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келген дене температурасы жоғары барлық адамдарды 2 тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшаулау. COVID- 19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін, оң нәтижесімен инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19--ға теріс нәтижесімен тиісті қолхат ала отырып, COVID-19-ға ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі.
    • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 41-қосымшасына сәйкес COVID-19-ды қадағалау шеңберінде ПТР әдісімен тестілеуді ұйымдастыруды және ПТР зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы хабарлауды.
    • Эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, COVID-19-бен ауыратын науқастарды оқшаулау үшін инфекциялық стационарларда жеке төсектер бөлуді.
    • Эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, COVID-19 жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар науқастарды оқшаулау үшін жеке провизорлық төсектер (стационарлар) бөлуді.
    • Барлық денсаулық сақтау ұйымдарында COVID-19 жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациент анықталған жағдайда оны оқшаулау үшін көрсетілетін медициналық көмектің ерекшелігін ескере отырып, үй-жайлар бөлуді.
    • Пациенттердің күнделікті ағымын (басқа да нозологиялық аурулар бойынша) COVID-19 ауруына күдікті пациенттермен қиылысуын болдырмай бөлуді.
    • Босанатын әйелдер босандыру ұйымына, сондай-ақ көп бейінді стационарларға COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар өмірлік көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер түскен кезде медициналық көмекті жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, оқшауланған үй-жайда көрсетуді қамтамасыз етсін. Пациентте COVID-19 диагнозы расталған кезде медициналық көмек көрсетуге тартылған персонал үй карантинінде оқшаулауға және COVID-19-ға зертханалық тексеруге жатады. Оң нәтиже болған жағдайда жұмыстан шеттетіледі және емдеуге жіберіледі, теріс нәтиже болған жағдайда өз қызметтік міндеттерін одан әрі жалғастырады және 14 күн бойы медициналық бақылауға жатады.
    • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 33-қосымшасына сәйкес COVID-19-ға зертханалық тексеруді.
    • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 33-қосымшасына сәйкес күдікті науқастардан материалды қауіпсіз алуды ұйымдастыруды.
    • Инфекциялық, карантиндік, провизорлық және басқа да медициналық ұйымдарда эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтауды.
    • Провизорлық, карантиндік және инфекциялық стационарларда әртүрлі рейстерден, үй ошақтарынан келген байланыста болған, жұмыс (оқу) орны бойынша байланыста болған адамдар ағымының қиылысуын болдырмауды.
    • Қажет болған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын (еңбекке жарамсыздық парағы) үйде карантиндегі адамдар үшін медициналық ұйымдарға бармай ресімдеуді.
    • Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19-бен ауыратын пациенттерді емдеу үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілігін.
    • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 4-қосымшасына сәйкес, барлық медициналық ұйымдардың таза және лас аймақтарға бөле отырып, инфекциялық стационар қағидаты бойынша жұмыс істеуін.
    • Стационарлық денсаулық сақтау ұйымдарында карантинді сақтауды.
    • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 25-қосымшасына сәйкес, медицина персоналының инфекциялық қауіпсіздігін.
    • Мәйіттерді ашу кезінде патологоанатомиялық қызмет, сот-медициналық сараптама саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда (аутопсия) эпидемияға қарсы шараларды сақтауды – өзін-өзі оқшаулаусыз жұмысқа шығу кезінде дене температурасын өлшеуді қоса алғанда, қызметкерлердің денсаулық жағдайын одан әрі бақылай отырып, жеке қорғаныш құралдарын пайдалануды.
    • Барлық денсаулық сақтау ұйымдарында пациенттердің барлық ағымының дене температурасын өлшеу үшін тепловизорлармен қамтамасыз ете отырып, шлюздер ұйымдастыруды.
    • Барлық денсаулық сақтау ұйымдарында COVID-19-ға жедел тестілеу жүргізу үшін үй-жайлар бөлуді және жарақтандыруды қамтамасыз етуді.
    • COVID-19-ға жедел тестілеуге арналған жедел медициналық жәрдем бригадасын жарақтармен қамтамасыз етуді.
    • Көп бейінді ауруханалардың қабылдау бөлімінде пациенттердің күнделікті ағымын хирургиялық және терапиялық бейіндер бойынша бөлуді.
    • Жедел медициналық жәрдем станциясының диспетчерлерін СОVID бойынша чек – парақ бойынша, эпидемиологиялық және биологиялық қауіпсіздік қағидалары бойынша, стандартты операциялық рәсімдерді (СОР) орындау, СОVID – 19 – ға күдікті науқасты тексеру чек-парағын пайдалану бойынша қашықтықтан триажға үздіксіз оқытуды.
    • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 3-қосымшасына сәйкес, іс-қимылы COVID-19 күдікті науқастарды қараумен, тасымалдаумен, ошақтағы жұмыспен, емдеуге жатқызумен, емдеумен және оларға қызмет көрсетумен байланысты медицина қызметкерлерінің және персоналдың тиісті қорғау деңгейіндегі ЖҚҚ-ны пайдалануын бақылауды.
    • Денсаулық сақтау ұйымдары үшін COVID-19 эпидемиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы мәселелері бойынша семинарлар ұйымдастыруды және өткізуді.
    • COVID-19 кезінде эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша өңірдің медициналық ұйымдарының барлық қызметкерлерін толық қамту арқылы жеке қорғаныш құралдарын пайдалану бойынша нұсқама жүргізуді.
    • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 35-қосымшасына сәйкес, клиникалық хаттамаға сәйкес COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарды оқшаулау жағдайлары болған кезде үйде карантинді және медициналық қадағалауды.
    • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысына 36-қосымшаға сәйкес клиникалық хаттамаға сәйкес COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушысы бар адамдарды оқшаулау жағдайлары болған жағдайда үйде карантин және медициналық бақылауды.
    • Тұрғын үйдің үй карантинін ұйымдастыру үшін талаптарға сәйкестігін бағалауды.
    • Үйде медициналық бақылау жүргізуді және үй карантині талаптарының сақталуын бақылауды.
    • Дене қызуы көтерілген, шет елден келген адамдарды COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарға жатқызуды.
    • COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарды және шет елден келген адамдарды әртүрлі карантиндік стационарларға орналастыруды.
    • Медициналық персоналды карантиндік стационарларға олардың орын ауыстыруын болдырмай (COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарға арналған карантиндік стационарлардың медицина персоналын және шет елден/өңірлерден келген адамдарға арналған карантиндік стационарлардың медицина персоналын араластыруға жол берілмейді) бекітуді.
    • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 3-қосымшасына сәйкес, карантиндік стационарларының медицина персоналының 2-қорғау деңгейіндегі ЖҚҚ-ны пайдалануын.
    • СОVID-19 науқастарымен байланыста болған адамдарды СОVID-19-ға зертханалық тексеруді (ықтимал байланыс) және оларға СОVID-19 ықтимал симптомдары туралы түсіндіруді.
    • Үйде оқшаулау жағдайында 14 күн бойы COVID-19 науқастарымен байланыста болған (жақын байланыс) адамдарды зертханалық тексеруді (үй карантині) және медициналық бақылауды.
    • COVID-19-та ПТР зерттеулерінің оң және теріс нәтижелері күмәнді жағдайларда, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының ІІІ бөлімінің 32 тармағы 7 тармақшасына сәйкес ретестілеуді жүргізу.
    • Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 37-қосымшасына сәйкес халыққа профилактикалық егулер жүргізуді.
    • Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 33, 35, 36 қосымшаларына сәйкес байланыста болғандарды және симптомсыз вирустар тасымалдаушыларды медициналық бақылау және зертханалық тексеруді.
    • Үй карантиніндегі, оның ішінде СОVID-19 симптомсыз нысандары бар пациенттерді қашықтықтан бақылау үшін мобильді қосымшаны енгізуді қамтамасыз етсін.
  7. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалы, "Масгут Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК "Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы" филиалы қамтамасыз ету:
    • Медициналық ақпараттық жүйелерді «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның зертханалық ақпараттық жүйесімен интеграциялауды.
    • Жеке зертханалардың зертханалық ақпараттық жүйелерін «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның зертханалық ақпараттық жүйесімен COVID-19-ға тестілеу нәтижелерін беру бөлігінде интеграциялауды.
  8. Ашық ауадағы 30-ға орынға дейінгі жазғы алаңдарды қоспағанда, қоғамдық тамақтандыру саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне (объектілеріне):
    • Тұтынушыға дейін тауарды бір реттік орамда (тағамдарды, сусындарды және басқаларды) жеткізу арқылы ғана қызметті жүзеге асыру.
    • Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 22-қосымшасына сәйкес Уақытша ережелер талаптарын жұмыста басшылыққа алу.
    • Персоналмен жұмыс кезінде бір рет қолданылатын қолғаптар мен бетперделердің пайдалануын қамтамасыз ету, бетперделерді 3 сағат сайын, қолғаптарды 2 сағат сайын ауыстыру есебімен, антисептикткалық құралдарымен және қолды жууға арналған құралдарымен.
    • Жіті респираторлық жұқпалары (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітуі және т. б.) бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу.
    • Кіру және шығу кезінде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату.
    • Нысананың барлық үй-жайларында, тағайындалуына қарамастан экспозиясы кемінде 30 минут бактерицидті шамдарды пайдалану, әрбір 2 сағат сайын тоңазытқыш және технологиялық жабдықтарды өңдеу. Тек қолғаппен жұмыс істеу.
    • Қызметкерлер штатын минимумға дейін қысқарту, күнделікті термометрия күніне 2 реттен кем емес. Кешке барлық арнайы киім жібітіледі және өңделеді, күнделікті арнайы киімді ауыстыру және объект қабырғасында өңдеу. Бір рет қолданылатын арнайы киімді пайдалану ұсынылады.
    • Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан кейін) санитарлық-эпидемияға қарсы іс - шараларды жүргізуді қамтамасыз ету-қызметкерлер мен келушілерге арналған есіктердің, тұтқалардың, технологиялық жабдықтардың, үстелдердің, санитарлық тораптардың тұтқаларын дезинфекциялық салфеткалармен (немесе дезинфекциялық құралдардың ерітінділерімен) сүрту жолымен дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, үй-жайларды желдету және ылғалды жинау, кварцтау.
    • Өнімді жеткізу кезінде тұтынушымен байланысты болдырмау, алдын ала клиентті телефон арқылы хабарлай отырып (қақпау, қоңырау шалмау,  қоңырау шалу түймелеріне тимеу), есіктің жанында өніммен себетті қалдырып, тұтынушымен байланыс жасамау.
    • Жоғарыда көрсетілген тармақтардың сақталуын қамтамасыз ететін объектіде жауапты қызметкерді бекіту.
  9. Алматы облысының полиция департаменті қамтамасыз етсін:
    • Карантин режимін бұзушыларды жауапкершілікке тарта отырып, карантин шараларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету үшін қоғамдық орындарды, базарларды, жағалауларды, саябақтарды, скверлерді және басқа да жаппай жиналатын жерлерді патрульдеуді.
    • COVID-19 бойынша байланыста болған адамдардың крантиннизация және првизорлы орындарын қоршап, оқшаулауды.
    • Жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, оның ішінде профилактикалық сипаттағы шараларды қолдануды.
    • COVID-19 бойынша байланыста болған адамдарды, сондай-ақ CОVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпелерде өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына келген адамдарды іздестіру және карантинге орналастыру бойынша шаралар қабылдауды.
    • Оқиға орнына шығу кезінде жедел-тергеу тобының жеке қорғану құралдарын пайдалана отырып, эпидемияға қарсы шараларды сақтау, одан әрі өзін-өзі оқшаулаусыз олардың денсаулық жағдайын бақылау.
    • Санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейту және мәйіттерді сот-медициналық сараптамаға тасымалдау кезінде қызметкерлердің жеке қорғану құралдарын пайдалануы.
  10. Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 24-қосымшасына сәйкес пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйесі мекемелерінде санитарлық-дезинфекциялық режим алгоритмінің сақталуын қамтамасыз етсін.
  11. Аудандық, қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларына қамтамасыз ету:
    • COVID-19 науқасынан COVID-19 жағдайының тіркелгені туралы хабарлама алған сәттен бастап 3 сағат ішінде сауалнама алуды.
    • Қауіп тобындағы адамдар жоқ (жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы аурулары, қант диабеті, метаболикалық синдромы, бүйректің созылмалы аурулары бар 60 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер) симптомсыз вирус тасымалдаушылар ошақтарын қоспағанда, COVID-19 жағдайын тіркеу туралы хабарлама алған сәттен бастап 24 сағат ішінде эпидемиологиялық тексеру картасын ресімдей отырып, COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тексеру. CОVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тексеру келесі басымдықта жүргізу: CОVID-19 жағдайларының белгілері бар ошақтары; COVID оқиғаларының ошақтары-19 симптомсыз ағымымен; басқа ошақтар.
    • Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 38 және 39-қосымшаларына сәйкес COVID-19 диагнозымен расталған (ықтимал) және COVID-19 науқастарымен жақын байланыста болған адамдарға сауалнама жүргізу.
    • СОVID-19 жаңа жағдайлары тіркелген кезде басқарма мамандарымен жақын және ықтимал байланыста болған адамдардың тобын белгілейді. Байланыста болған адамдарды анықтау Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 35-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.
    • Байланыста болған адамдарды тексеру үшін өтінім биоматериалды алу үшін ҰСО филиалына немесе медициналық ұйымға ұсынылады.
    • COVID-19 науқастарының ошақтарында эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізуді.
    • Жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес дереу шаралар қолдануды.
    • Халықты кепілді сападағы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдай отырып, сумен жабдықтау объектілерінің жұмысын бақылауды.
    • Әкімшілік шаралар қолданусыз, халыққа берілетін су сапасының санитарлық-эпидемиологиялық мониторингі.
    • Карантин режимінің сақталуын бақылау шеңберінде азық-түлік дүкендерін және тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарын қадағалауды.
  12. Облыстың ішкі саясат басқармасы және бұқаралық ақпарат құралдары:
    • Ақпараттық арналар арқылы қызметіне рұқсат етілетін нысандарды хабардар ету, бейінді қауымдастықтардың қатысуымен бейнеконференциялар өткізу, ресми веб-ресурстарға қажетті ақпаратты орналастыру.
    • Үй жағдайында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алуға, жеке алдын алу шараларына және ауру жағдайында мінез-құлық тактикасына баса назар аудара отырып, түсіндіру-ағарту жұмыстарын күшейтуді жалғастыру.
    • Халық үшін ресми көздерден шынайы ақпаратты орналастыру (coronavirus2020.kz ескерту. anti-corona.kz және әкімдіктердің ресми сайттары).
  13. Шаруашылық субъектілерінің (объектілердің) басшыларына, барлық жеке және заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне, жеке кәсіпкерлерге, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерге, меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, осы қаулының және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының талаптарын қатаң орындау.
  14. Осы қаулы барлық мүдделі органдардың, ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
  15. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  16. Осы қаулы күшіне енген сәттен бастап «Алматы облысының аумағында карантиндік шараларды одан әрі күшейту туралы» Алматы облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2020 жылғы 3 шілдедегі №19 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  17. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
  18. Осы қаулы 2020 жылғы 19 шілдеде сағат 00:00 бастап күшіне енеді.
Автор:
А.Чарапиев, Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а.