Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Qoldau-24/7 - МӘМС жүйесіндегі сіздің көмекшіңіз


3 июля 2020, 15:18 | 126 просмотров



«Қазіргі уақытта елдегі ахуалға орай тұрғындар тарапынан КВИ-ға, тест тапсыруға, жалпы денсаулық жағдайына қатысты сауалдармен 1406 байланыс орталығына хабарласушылар өте көп. Бір мезгілде бірнеше  қоңырау қатар түсіп, желі босамай қалып жатады. Осындайда Медициналық сақтандыру қорының  Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы көмекші болады» деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы арқылы медициналық сақтандыру және пациенттердің құқықтары туралы өтініштер тәулік бойы қабылданады. Азаматтардың барлық өтініштері өңделіп, тіркеу нөмірі көрсетіліп, өтініштер тізіміне енгізіледі.

Одан әрі, қажет болған жағдайда өтініштер белгіленген уақытында шешім қабылдау үшін сараптамаға жіберіледі. Содан кейін өтініш берушінің қосымшасындағы аккаунтына жауап беріледі. ⠀ 

«Біз жергілікті денсаулық сақтау басқармасымен тығыз байланыстамыз.  Медициналық мекемелер өздеріне жүгінген әрбір тұрғынға барынша көмектесуге тырысуда. Қор тарапынан медициналық қызмет жеткізушілерімізге тұрғындарға көрсеткен қызметтерінің ақысы уақытылы төленеді  және олардың қызметі бақылауда. Айта кетейін, Қордың 1406 байланыс орталығы төтенше жағдай кезінде коронавирус бойынша жедел желі ретінде жарияланды. Желіге медициналық қызмет көрсету сапасын мониторингтеу бөлімінің мамандары тартылған,  олар аймақтағы медицина ұйымдарымен бірлесе отырып, жұмыс істейді. Сондай-ақ, Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы арқылы да өтініш қалдыруға болады» – дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Айдар Сейітқазинов.

Qoldau-24/7 әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мобильді қосымшасын Android смартфондарына арналған PlayMarket және Apple смартфондарына арналған AppStore арқылы жүктеуге болады.

Автор:
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі