Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қазақстанда жоспарлы медициналық көмек көлемі қысқаруда


9 июня 2020, 15:37 | 181 просмотр



МӘМС жүйесінде медициналық көмектің жекелеген түрлерін тұтыну осы жылдың екінші тоқсанында орташа есеппен 40%-ға дейін қысқарады.

 Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы директорының айтуынша, қабылданған шектеу іс-шаралары салдарынан медициналық көмектің жекелеген түрлерінің  төмендегені байқалуда. Осындай жағдай біздің облысымызда да орнығып отыр. Екінші тоқсан бойынша республика кескінінде орта есеппен 40%-ға дейін төменделу болжануда.

Бірінші кезекте жоспарлы медициналық көмек – жоғары технологиялық медициналық қызметтердің, консультациялық-диагностикалық қызметтердің, медициналық оңалту мен қалпына келтіру емі, стационарлық және стационарлы емді алмастыратын медициналық көмектің төмендеуі жоспарланып отыр.

Медициналық қызметтерді тұтыну көлемі екінші жартыжылдықта қалпына келетіндігі күтілуде. Бұл инфляцияны өтеу үшін медициналық ұйымдарға қызмет көрсету тарифтерін арттыру арқылы жүзеге асады. Осы таңда, Қордың ауруханалар мен емханаларға көрсетілетін медициналық қызметтері үшін төленетін тарифтері айтылған, ол халыққа теріс әсер етпейді.

Автор:
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы