Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр Әл-Фарабиге 1150 жыл


4 июня 2020, 10:50 | 318 просмотров



Әл-Фараби Шығыстың айырықша ойшыл ағартушылары деп аталатын адамдардың қатарына жатады. Оның зерттеулері орта ғасырдағы араб философиясының қалыптасуына өте зор ықпал етті. Аристотельдің ізін басушы Әл-Фараби ғылымдардың дамуына жоғары ықпал етті. Ойшылдың еңбектері оның жазған кітаптарында бейнеленген.

Әл-Фарабидің балалық шағы мен жасөспірім шағы.

Әл-Фараби қазіргі Қазақстанның  территориясындағы Весидж қаласының Фараб жерінде 870 (872)жылы дүниеге келген. Оқымыстының туған қаласы Арыс пен Сырдария өзендерінің бірігіп құйған жерінде орналасқан. Бүгінгі  күні ескі қаланың қирандылары  Қазақстанның Отырар ауданындажатыр.Келешек философтың әкесі әскери басшы болған және өте силы түрік тұқымынан шыққан. Атақты  түрік  ұлының толық аты Абу-Насыр Мұхаммед ибн –Мұхаммед ибн-Тархан ибн Узлач Әл-Фараби ат Турки болған. Оның ұлты әлі күнге дейін талас тудырады. Шығу тегіне қарамастан философтың  парсылық  түбірі бар деген ұғым  қалыптасқан.

Әл-Фарбидің өмірбаянындабалалықшағы туралы  ақпарат жоқ. Жеткіншек кезінен бастап ол Аристотельдің еңбектері мен Платонның теорияларымен айналысуды  ұстаным еткен.Бозбалалықөмірін Самарқандта, Ташкентте және Бұхарада өткізген. Біртіндеп  келе Әл-Фарабидің білім деңгейі өтімді және энциклопедиялық түргеауа бастайды. Ол логиканы және табиғатты, медицинаны, шет тілдерін зерттеп үйренеді, музыкамен әуестенеді. Білімге әуес интеллектуалдың ұстазы кім  болғаны белгісіз.

Әл-фараби өзбетінше Бағдатқа келеді. Ол кезде бұл қала мәдениеттің, ғылым мен өнердің жинақталған орны болды. Ондағы  халықтың өмір сүру  деңгейін және әлеуметтік құрылымын  Әл-Фарибидің  айтуынша: Бағдат қаласы  көргенсіз қалалардың ішіндегі ең  әдемісі және бақыттысы еді делінген. Мұнда философтардың, ақындар  мен ғалымдардың шығарма-шылық түрде дамуына барлық  жағдай жасалған.  Аңыз бойынша  Әл-Фараби  Бағдатта сот болып қызмет істеген, біраз уақыт өткеннен кейін бұлқызметін өзгертіп, ұстаздық қызметке ауысқан. Досының ғылыми еңбектер-ден тұратын кітапханасын күзетке ала отырып, ержеткен ол оларды оқыған-нан кейін шабыттанып, өзін ғылымға қызмет етуге арнады. Оның еске сақтау қабілеті мен ұмтылысы білімін тереңдетуге әсер етті.Әл-Фарабиге тілдерді меңгеру оңай тиген. Оның замандастары философты дана, парасатты және Аристотельдің идеяларын жетік білетін адам ретінде таныған. 932 жылы ойшыл Бағдаттан кеткеннен кейін атақты ғалым ретінде танылған.

Философтың еңбектерін шартты түрде  екі категорияға бөлуге болады: біріншісі әлемді тануға, адамның өмір сүруіне, өмірді тануға арналған.Мате- матиканы, астрономия мен геометрияны осы облыстардағы  мәселелерді түсіндіруге арналған ғылымдар қатарына жатқызған. Ғалым материяны зерттеп, сол сияқты уақыт пен кеңістік жөнінде талқылаулар жасаған. Еңбектерінің екінші категориясынтірі табиғатқа және онаың өмір сүру заңдылықтарына арнаған.Ол еңбектерінде химия, биология, медицина,  оптика және физиканы айқын түсіндірген.

Әл-Фараби философия мен әлеумет тану, саясат, педагогика, этика, диалектика және мемлекеттік құрылыс мәселелерін қарастырады. Оның атқарған жұмыстары осы уақытта да өзекті. Әл-Фарабиәлемдегінің бәрін өзара себеп-салдар дәнекерімен байланысқан 6 сатыдан тұрады деп  есептейді. Бірінші  сатыда барлығын тудыратын себеп тұрады,  ал екіншісінде барлық нәрсенің жаралуы, үшінші сатыда белсенді даму деңгейінде тұрған ақыл-ой, төртіншісінде жан , бесіншісінде  форма, алтыншысында  материя . Осы аталған  алты сатыда адамды қоршап тұрған қоймалжың зат орналасқан  дейді.

Әл-Фараби математика саласында көптеген еңбектер жазған. Солардың ішінен  кішігірім мақалаға  симайтынын ескере отырып  олардың мазмұнына  тоқталмай-ақ, тек атауларын ғана келтіре кетейік.

 

Ғалым қалай Әбу Насыр Әл-Фараби атанды

 

Ғалымның туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар "Барба-Фараб" деп атап кеткен. Сондықтан "әлемнің екінші ұстазы" атанған ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Тарихи деректерде Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.

Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті. Ғалым алғашында Бұхарада, Самарқанда, одан кейін Хамадан, Бағдат, Шам, Каир, Дамаск, Александрия, Мәдина, Мекке қалаларында болып, білімін үнемі жетілдірумен болды.

"Ол Хамада қаласында араб тілін үйренді. Одан кейін 20 жылдай Бағдат қаласында тұрып, антикалық философиямен әлемдік мәдениетпен танысты. Жалпы Әл-Фараби бір жерде тұрақтамаған. Ол үнемі бір қаладан екінші қалаға саяхат жасап, білімін шыңдаған. Ғұлама ойшыл бар өмірін ғылым мен білімге арнады. Біздегі мәліметтерге сәйкес, ол 70-ке жуық тілді меңгерген", - дейді профессор Жақыпбек Алтайұлы.

Сондай-ақ ғұлама ойшыл медицина ғылымындарын меңгеруге де бар күшін салады. Ол біраз жыл Бағдат шаһарында ғылыми ізденістермен айналысып тұрақтап қалады. Содан кейін Шам аймағына қоныс аударып, 950 жылы өмірден өткенше сол өлкеде қалады.

 

Оның геометриялық мұраларына жататындары:

Дөңгелектің  центрін анықтау.

Тең қабырғалы фигураларды салу туралы.

Дөңгелеке  іштей сызылған ффигураларды салу туралы.

Фигураларға сырттай дөңгелек салу туралы.

Фигураларға іштей дөңгелек салу туралы.

Кейбір фигураларға іштей басқа фигураларды салу туралы.

Үшбұрыштарды  бөлу туралы.

Төртбұрыштарды бөлу туралы.

Шаршыларды (квадратты) бөліктеу және оларды құрастыру туралы.

Сфераларды бөлу туралы.

 

Оның  тригонометриялық мұраларына жататындары:

Хорда мен синустыңқасиеттері туралы.

Доға хордасы белгілі болғандағы  доғаны толықтырушы хордалардың шамаларын анықтау туралы.

Шеңбердің ширек хордасының шамаларын анықтау туралы.

Шеңбердің ширек хордасының үштен бір бөлігінің  шамасын анықтау туралы.

Шеңбердің хордасының оннан  бір  және бестен бір  бөлігінің шамаларын  анықтау туралы.

Белгілі хорда бойынша жарты доға  хордасының шамасын анықтау     туралы.

Бір градустық хорданы  анықтау туралы және олар арқылыбасқа     хордаларды құрастыру.

Екінші көлеңкенің  мәнін анықтау туралы, т.с.с.

Ғалым   осы айтылғандардың  бәрінің өздеріне  сәйкес чертеждерін келтіре отырып дәлелдемелерін  жасаған.

Оның математиканың  қолдануына қатысты еңбектерінің ішінен «Музыка  теориясының арифметикалық негіздері»  деген  еңбегін айта кету орынды деп есептейміз.

Әл-Фараби адамға өлімнен қорықпау керектігіне сенді. Өмірді жақсы өмір сүру үшін ұзартуға болмайды деп есептеген. Әл-Фараби өлгеннен кейін оның шәкірттері оның  педагогикалық  еңбектеріне  түсініктер жазды және грек философтарының еңбектерін  ары қарай  зерттеді.  Ойшылдың сурет-терін әртүрлі бағыттағы  оқу құралдарынан көруге болады.

Өмірінің соңғы жылдарын ол Сириядағы (сол кездегі Шам  еліндегі) Алеппо мен  Дамаскіде өткізді. Оған сол  кездегі Шам елінің билеушісі Саиф ад-Давля Хамдани қамқорлық еткен. Ол өзінің қалған өмірін  сарайдағы арпа-лыс өмірден алыста төрт дерхем жалақы алып өткізді. 80 жасында Дамскіде қайтыс болып, Кіші қақпалар деп аталатын қақпалар сыртына жерленген.

Философ ғалымның  артына қалдырған өшпес  еңбектері еліміздің келешек ұрпақтары алдында шамшырақ  болып, жол  көрсетете  беретініне сеніміз мол.

Автор:
Шалқар Оразбаев