Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

МСҚ: БАР ҚАМҚОРЛЫҚ – БАЛАЛАРҒА!


4 июня 2020, 15:27 | 161 просмотр



1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

Балаларды қорғау күні – балалардың көңілді мерекесі ғана емес, бұл күн  - балалардың дені сау, бақытқа бөленіп өсуі үшін балаларды барлық жағынан қорғай білу қажет екенін ересектерге еске салатын күн.

Балалар – біздің бар байлығымыз және болашағымыз. Сондықтан олардың бақытты, бейқам, көңілді, шуақты балалық шақтары ұзағынан  болсын! Әр бала қамқорлыққа бөленсін, дендері сау болсын!

Бала денсаулығын қорғау және оны нығайту – өзекті мәселе. Өмірдің басты құндылықтарының бірі – денсаулық. Әр бала мықты, сергек, белсенді болуы керек: шаршамастан жүгіріп, велосипед теуіп, суда жүзіп, аулада балалармен ойнап, өсуі керек. Жиі ауырып, мазасызданатын баланың көңіл-күйі де болмайды, өз қатарынан қалыс қап, үлгерімі де нашарлайды. Сондықтан, бар қамқорлықты  балаларға арнауымыз қажет.

«Біздің балаларымыз – мемлекет қамқорлығында. Медициналық сақтандыру қорында 18 жасқа дейінгі балалар мемлекет тарапынан жарна аударылатын санаттар қатарына кіреді. Барлық медициналық қызмет балаларға – ақысыз.», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Айдар Сейітқазинов.

18 жасқа дейінгі балаларға көрсетілетін кепілдендірілген медициналық көмек:

  • Кеңестер, диагностикалық, емдік, диспансерлік көмек;
  • Салалық маман-дәрігерлерінің кеңесі;
  • Шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек;
  • Жақ-бет аумағында туа біткен патология бар балаларға ортодонтиялық көмек;  
  • жіті және созылмалы ауруларды анықтау;
  • Тәуліктік, күндізгі стационар, үй жағдайында стационарлық көмек ұйымдастыру;
  • созылмалы сырқаттары бар балаларды динамикалық қадағалау және емдеу;
  • Қалпына келтіру емі және медициналық реабилитация;
  • Скринингтік тексерулер;
  • мектепке дейінгі мекемелерге және мектепке барар алдында сауықтыру;
  • ата-аналармен, отбасы мүшелерімен немесе баланың заңды өкілдерімен ақпараттық жұмыстар жүргізу;
  • Жаңа туылған және 3 жасқа дейінгі балаларды міндетті патронаждық қадағалау;
  • 1 жасқа дейінгі балалар көрсеткіштері бойынша ана сүтін алмастыратын қоспалармен қамтамасыз етіледі;
  • Фенилькетонуриямен ауыратын балаларға емдік өнімдер беріледі;

•         Денсаулығы нашарлаған 5 жасқа дейінгі балаларға үйде медициналық көмек көрсетіледі.

Автор:
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі