Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Мектеп бітіру кеші мен соңғы қоңырау


22 мая 2020, 04:34 | 1 324 просмотра



Биылғы оқу жылында барлық өңірде болып жатқан жағдайға байланысты мектеп бітіруші түлектер үшін соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кеші «Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» мектеп бітіру іс-шараларын өткізу тұжырымдамасына сәйкес өткізілетін болады. 

Осыған байланысты видео режимде өткізілген жиында БҒМ вице-министрі Шолпан Каринова мектеп бітіру шараларына байланысты қойылатын талаптар мен ұсыныстарды көрсетіп берді.

11-сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру және соңғы қоңырау 3-4 маусымда өтетін болады.

Мектеп бітіру шарасы мектеп аумағында, санитарлық талаптарды сақтай отырып ашық алаңда әр сынып үшін бөлек өткізіледі. Түлектер рәсімге мектеп формасында қатысады.

Сондай-ақ, мектеп немесе педагогтерге сыйлық алу үшін ақша жинауға, агенттіктерді, аниматорларды шақыруға, мерекелік дастархан жасап, аса салтанатты өткізу, автокөліктерді жалға алып, қала ішінде экскурсия жасауға, мейрамхана, дәмхана және көңіл көтеру орындарында отырыстар ұйымдастыруға қатаң тиым салынады.

Автор:
Талдықорған қаласының білім бөлімі