Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ТЕГІН РЕЦЕПТТЕР БОЙЫНША БЕРІЛЕТІН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР


30 апреля 2020, 13:08 | 243 просмотра



Дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен тегін рецепттер бойынша амбулаториялық деңгейде қамтамасыз ету емханалар жанындағы дәріханалар арқылы  жүзеге асырылады. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар  «СК-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьютормен жасалған шарт бойынша дәріханаларға түседі.

Тегін рецепт бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, белгілі бір аурулары бойынша пациенттердің жекелеген санаттарына жазылып беріледі. Бұйрықта 3 бөлім бар:

ТМККК аясында –тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында диспансерлік есепте тұратын барлық санат бойынша 34 ауру түріне дәрілік заттар беріледі. Мысалы, қант диабеті бойынша пациенттерге қант мөлшерін түсіретін таблетка түріндегі препараттар, инсулиндер және медициналық бұйымдар-құралдар жеткізіледі; АИВ-жұқтырған пациенттер антиретровирусты терапия алады; қан айналымы жүйесі ауыратындар артериалды гипертензия, аритмия, жүректің ишемиялық аурулары т.б. бойынша дәрі-дәрмектер беріледі; сондай-ақ осы санаттағы ағзаларды және тіндерді ауыстыру оталары жасалған  науқастар иммуносупрессивті препараттармен қамтамасыз етіледі.

МӘМС бойынша ересектерге – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында ересектерге 41 ауру түрі бойынша дәрі-дәрмектер тиесілі. Жоғарыда атап өткен бұйрықтың бұл бөлімі бойынша бастапқы өкпе гипертензиясы, темір тапшылығы анемиясы, акромегалия, реактивті артрит, Паркинсон ауруы, псориаз, т.б. секілді сырқаттармен ауыратын науқастар амбулатория деңгейінде дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі.

МӘМС бойынша балаларға - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 18 жасқа дейінгі балаларға жаншау, тілме, протозойлы аурулар, гельминтоздар,  қышыма, целиакия, ерте жыныстық даму, рахит, шашыраңқы склероз (ұмытшақтық), т.б.:  сырқат түрлерінде, 65 ауру түрі бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тиесілі.

Сонымен қатар, медициналық және әлеуметтік көрсеткіштері бойынша (мысалы, бала емізетін ана немесе бала ауырса, асырап алған балалар, т.б.) бір жасқа дейінгі балаларға ана сүтін алмастыратын бейімделген өнімдер,  Буллезді эпидермолиз жағдайында медициналық бұйымдар беріледі.

Пациент өзі тіркелген БМСК ұйымдарындағы (емханадағы) учаскелік дәрігер қабылдауына барса, қарап-тексергеннен кейін, дәрігер ТМККК және МӘМС аясында тегін берілетін дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдайды.

Автор:
Бахыт Қасымұратова, «ӘМСҚ» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының медициналық қызмет сапасын мониторингтеу бөлімінің