Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Өңірде індеттен жазылғандар саны 7-ге жетті


16 апреля 2020, 06:13 | 182 просмотра



Бүгін Еңбекшіқазақ ауданында коронавирус диагнозымен тіркелген алғашқы науқас ауруханадан шығарылды. Ол - облыс бойынша аталған індеттен жазылған 7-ші адам.

Науқастанып, жазылып шыққан 59 жастағы азамат Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының тұрғыны. Ол 26 наурызда Өзбекстаннан үйлену тойында болып келген. 28 наурызда шұғыл медициналық көмек бригадасымен бірге Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйдібек би ауылындағы ауылдық аурухананың обсервациялық бөліміне жеткізілген. Науқаспен қарым-қатынас жасаған 13 адамнан ауруханада виросологияға талдау алынды. Олардың барлығының нәтижесі теріс болып шықты.

Науқасқа 14 сәуірде қайта жасалған талдау қорытындысы теріс нәтиже көрсетті.Пациенттің шағымы жоқ, жағдайы қанағаттанарлық.

Сонымен Алматы облысында коронавирустен жазылғандар саны 7 адам болды.