Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әлеуметтік қамсыздандыру бөлім қызметкерлерінің жүктемесі 4 есеге артты


15 апреля 2020, 08:59 | 178 просмотров


Алматы облысында 42,5 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек 254 мыңнан астам адамға тағайындалды және 332 мыңнан астам адам өтініш берген екен. Бүгінгі күні Президенттің қайта есептеу жөніндегі шұғыл тапсырмасын орындау үшін 21 аудандық және қалалық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің 280- ге жуық қызметкерлері күшейтілген режимде жұмылдырылған. Жұмыс кестесі таңғы сағат 8.00-ден басталып түнің бір уақытына дейн созылуда. Мамандар азаматтардың өтініштерін қабылдайды, тексереді және уәкілетті органға жібереді.Әлеуметтік сақтандыру жөніндегі мемлекеттік қордың (ГФСС) растауынан кейін, құжаттарды төлем жасау үшін базаға енгізеді. Әрине, төлемді Еңбек министрлігі мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері тағайындайды және бекіте, бірақ әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлері оларды өңдеп, төлем жасауды қамтамасыз етуде.
Бүгінгі күнге дейін республика бойынша келіп түскен 2 миллионнан астам өтініштің 340 мыңға жуығы Алматы облысының үлесінде. Қызметкерлеріміздің төзімділігі мен шыдамдылығының арқасында тапсырма сапалы орындалуда. Осындай қысылтаяң сәтте тұрғындарға қолдау көрсеткен әріптестеріме алғыс білдіремін

Автор:
"Азаматтарға арналған үкімет " мемлекеттік корпорациясы