Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алматы облысында Covid19 жұқтырған 22-ші науқас анықталды


14 апреля 2020, 07:47 | 692 просмотра



Алматы облысында індет жұқтырған тағы бір науқас тіркелді.
Ол - Қарасай ауданы "Олипийская деревня" 19 км тұрғыны. Ауруханаға жатқызылған науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Пациентпен 11 адам қарым-қатынаста болғаны анықталып, олардың барлығы да дəрігерлердің бақылауына алынды.
Атап өтсек, 14 сəуір күнгі сағат 08.00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны  22 адамға жетті.