Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА/ ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ


20 марта 2020, 10:30 | 204 просмотра



АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Бүгін еліміз бойынша барлық бүлдіршіндердің тек 16,8% балабақшаларға барған. Бұл туралы ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің басшысы Майра Мелдебекова мәлімдеді.

Бүгін Қазақстанда 149 300 бүлдіршін балабақшаларға барды. Қазіргі уақытта мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелер тек өңірлерде штаттық режимде жұмыс істейді.

Төтенше жағдай енгізілгенге дейін мектепке дейінгі ұйымдарға 888,3 мың бала келген. Егер ТЖ бірінші күні (16.03.2020 ж.) мектепке дейінгі ұйымдарға келушілер көрсеткіші 42% (392,0 мың адам) болса, ағымдағы жылдың 19 наурызында тек 28%-ды құрады.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жариялануына байланысты мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар жабылған болатын. Сондай-ақ, Түркістан облысында халықтың тығыздығына және инфекцияның таралу қаупінің жоғары болуына байланысты барлық балабақшалар жұмысын тоқтатты.

Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі ата-аналарға балаларды мүмкіндігінше мектепке дейінгі ұйымдарға апармауды ұсынған еді.  Балабақшаға бармаған баланың орны сақталатыны да айтылды.

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ

Посещаемость дошкольных организаций по всей стране составляет всего 16,8%. Об этом заявила Председатель Комитета дошкольного и среднего образования МОН РК Майра Мелдебекова.

Сегодня в Казахстане всего 149 300 детей посетили детские сады. В настоящее время в регионах государственные дошкольные учреждения работают в штатном режиме. Отметим, что до введения чрезвычайной ситуации дошкольные организации посещали 888,3 тыс. детей. Если в первый день ЧС (16.03.2020г.) посещаемость дошкольных организаций составила 42% (392,0 тыс.чел.), то 19 марта текущего года всего 28% детей посетили детские сады.

Напомним, что государственные и частные дошкольные организации в Нур-Султане и Алматы в условиях введенного карантина были закрыты. Также в Туркестанской области в связи с большой плотностью населения и высоким риском распространения инфекции все детские сады приостановили работу. 

Ранее в МОН РК родителям рекомендовали по возможности не водить детей в дошкольные организации. При этом для детей обеспечен режим свободного посещения. Отчислений из дошкольных организаций за пропуски не будет.

Автор:
ҚР БҒМ баспасөз қызметі/ Пресс-служба МОН РК