Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Мәртебеңізді анықтап, МӘМС жүйесін 100 пайыз пайдаланыңыз


6 марта 2020, 07:48 | 855 просмотров



«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңын орындау барысында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді. 

«Елордамыздың барлық тұрғындары ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін шартты түрде сақтандырылған боп есептеледі және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді толық көлемде ала алады. Азаматтардың қажетті медициналық қызметтерді алуына кедергі жоқ. Бірақ осы жеңілдік кезеңінде мәртебелерін анықтап, МӘМС жүйесіне қатысқандары дұрыс», - дейді Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Айдар Сейітқазинов.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап сақтандырылмаған пациенттерге медициналық көмек көрсетіле береді, бірақ тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ғана, қалған қызметтер ақылы түрде болады. Сондықтан, 31 наурызға дейін сақтандырылған мәртебесін алу маңызды.

МӘМС жүйесіндегі өз мәртебесін кез келген адам электрондық үкімет порталынан (https://egov.kz/), ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің (http://dsm.gov.kz/) және Қордың сайтынан (https://fms.kz/), Telegram-бот (https://t.me/SaqtandyryBot) және WhatsApp-тағы чат-бот (+7 700 103 1406) арқылы алуына  болады.

Сондай-ақ, мына сілтемеден қараңыз: https://sp.zakon.kz/sp/osms/indexkz.html

Денсаулығын күту - бүгінгі әр азаматтың қоғам алдындағы борышы. Ол үшін медициналық сақтандыру жүйесінде барлық жағдай қарастырылған. Сондықтан МӘМС жүйесіне белсенді қатысуға шақырамыз.

Автор:
«Медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі