Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

2019-2020 оқу жылының 28 ақпан күні Талдықорған қаласы


28 февраля 2020, 17:37 | 112 просмотров



№ 2 орта мектеп базасында Талдықорған қаласының білім беруді  дамыту  оқу-әдістемелік  орталығы  және № 2 орта мектептің бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен қалалық семинар өтті. Семинардың тақырыбы: «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сыныптардағы жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндер бойынша оқушылардың метапәндік  құзыреттіліктерін дамытудың тиімді тәсілдері». Мақсаты:  бастауыш мектеп оқушыларының метапәндік құзіреттіліктерін қалыптастырудың тиімді тәсілдерін қолдану жолдары бойынша іс-тәжірибемен бөлісу.

Қазіргі уақытта өскелең ұрпақтың жеке тұлғаны әлеуметтендіру және өмірде техникалық инновацияны табысты қолдану үдерісіне ықпал ететін дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру мәселесі өзекті болып табылады. Білім берудің жаңа стандарты білім беру жүйесіндегі жағдайды өзгертті, ол білім алушының құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталып отыр. Қазіргі заманғы білім берудегі метапәндік тәсілдің маңызы зор, себебі, ол білім берудің жоғары сапасына қол жеткізудің шарты ретінде көрінеді. Оқушы өзінің жұмыс тәжірибесінде кері байланыс  жасай алады және әр түрлі пәндерді меңгеруіне қарамастан, болашақ қабілеттілігінің белгілі бір блогын қалыптастырады.  Метапәндік құзыреттілік,  20-ғасырдың соңында, А. В. Хуторский мен Ю. В. Громыконың ғылыми мектептерінде дамыды, содан кейін «метапәндік әрекет», «метапәндік нәтиже» ұғымдары пайда болды және сынды педагогтардың еңбектерінде жан-жақты зерттелді. Метапән – стандарттық білім мазмұнымен ғана шектелмей, әр пән сабақтарының ғылыми мазмұнын жүйелеп, талдап, анализдеп, зерттеу жүргізіп, өзіндік ой тұжырым жасауына және өзіндік іс-әрекетінің қалыптасуына, шығармашыл дамуына негіз болатын инновациялық әдіс.  Оқушыларға білім беруде метапәндік құзыреттілікті қалыптастыратын әр педагогтың міндеті – оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық ізденісті қолдау, жағдаяттар туғызып, оның шешімін табуға бағыттау, жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру.  Оқушыларымыз жаңа заман талабына сай білімді, жан-жақты,  өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез-келген адаммен тілдік қарым-қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, мәдениетті, өмірге икемделген тұлға болуы үшін оның бойында метапәндік құзыреттілікті дамыту ұстаздың қолында.

Семинарда «№2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Л.Ж.Байсова  мұғалімнің метапәндік құзіреттілігін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздерімен таныстырса, бастауыш сынып мұғалімдері Ф.Б.Шамбилова, А.Б.Ерленова, С.Ю.Грибанова, С.Н.Шекейбаева, Ш.Ж.Жаманбаланова, Л.В.Елисеева, М.К.Жандосова, Ю.В.Шевцова, О.Ю.Васильева жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндер бойынша  оқушылардың метапәндік  құзыреттіліктерін дамытудың тиімді тәсілдерін қолдану жолдарын көрсте отырып, ашық сабақтар мен шебер сыныптар алаңында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Автор:
Асель Кенжебекова, директордың бастауыш сыныптар бойынша орынбасары, № 2 орта мектебі, Талдықорған қаласы. Фото: БШ Ақпарат.