Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

МӘМС: елорда емдеу мекелерінде


28 февраля 2020, 15:23 | 113 просмотров



2020 жылғы 26-27 ақпанда жұмыс сапары аясында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Е.Пірімбетов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры А.Сейітқазинов,  «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ-дағы РМК қалалық филиалының директоры С.Құрманова, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері жұмыс сапарымен қаладағы бірқатар емдеу мекемелерінде («Шипагер» отбасылық денсаулық орталығы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК, № 4, 6, 10 қалалық емханалар, Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты) болды. Мақсат -  медицина ұйымдарының ТМККК пакеті және МӘМС жүйесі аясында тұрғындарға қызмет көрсету барысымен  танысу.

Емханалардағы жұмыс сапарының қорытындысы бойынша  медицина қызметкерлерімен тұрғындарға медициналық көмек көрсету барысында туындаған проблемалық мәселелер талқыланды. Осыған байланысты, денсаулық сақтау саласына енгізіліп отырған реформаны лайықты жүзеге асыру мақсатында, медициналық қызмет сапасы мен оның қолжетімділігін арттыру жолдары қарастырылды. Сондай-ақ, ТМККК және МӘМС пакеттері аясында медициналық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсету шараларын жетілдіру жөнінде ұсынымдар айтылды.

Автор:
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі