Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Туберкулездің алдын алу шаралары


27 февраля 2020, 13:03 | 93 просмотра



Жөтелу гигиенасы ережесін сақтау. Бұл туберкулездің  жұғуының алдын алудың қарапайым, арзан және тиімді тәсілі. Әр адам жөтелгенде және  түшкіргенде сақтайтын қарапайым ережелер бар:

  • Жөтелген және түшкірген кезде бет қол орамалды немесе қолданған соң тастауға ыңғайлы бір реттік қағаз майлықты қолданған дұрыс,
  • Қол орамал жоқ болған жағдайда, наукас тұлға алақанға емес, шынтақтың бүгілген жеріне түшкірген немесе жөтелгені дұрыс, өйткені әдетінше ауызды алақанмен жабу қол және тұрмыстық заттар арқылы инфекцияларының таралуына әкеліп соғады.
  • Қолды сабынмен жиі және мұқият жуу және онымен ерінді, мұрын мен көзді ұстамауға тырысу маңызды.
  • Жабық ғимараттарда түшкірген және жөтелген адамдардан мүмкіндігінше аулақ болуға және ара қашықты сақтауға тырысу керек.
  • Қоғамдық орындарда жөтеліп жүрген адамдар айналадағы адамдарға инфекцияны тарату қауіпін азайту мақсатында бетперде тағу ұсынылады.

Күн сәулесі туберкулезмикобактерианы өлтіреді алады, ал жақсылап бөлмені (отырған орынды) желдету ғимараттарда инфекцияның берілу мүмкіндігін төмендетеді. Сондықтан амбулаторияларда, бөлмелерде, зертханаларда, жағынды алуға арналған кабинеттерде және микробактериялық зертханаларда есіктер жабық, ал терезелер ашық болуы қажет.

Бетперделер ауа-тамшылық инфекциядан сақтау үшін қолданылады, дегенмен кейбір жағдайда бетпердені мұрынды лас қолмен ұстағаннан пайда болатын бітелуден сақтау үшін қолданылады. Қарапайым хирургиялық бетперделер түшкірген немесе жөтелген кезде ауа тамшылары арқылы инфекцияның жұғу мүмкіндігін төмендетеді. Жөтелге асқынған пациеттер стационар аумағында  жүргенде бетперде тағып жүрүі керек. Медициналық қызметкер ауа-тамшылық инфекцияға шалдығуда (қақырық жинау бөлмесі, бронхологиялық кабинетте) шарасыз болған жағдайда бетперде тағуға міндетті.

Салауатты өмір салтын ұстаныңыз, (дене белсенділігі, үлесімді тамақтану) ол иммунитетіңізді күшейтеді.

Жеке және қоғамдық тазалық ережесін сақтаңыз (қолыңызды тазалап жуыңыз және тұратын жеріңізді таза ұстаңыз, таза ауаға жиі шығыңыз).

Жыл сайын емханадан флюорографиялық тексеруден өтіңіз.

Жаңа туылған балаңызға туберкулезге қарсы екпе жасатыңыз.

Егер: екі аптадан артық жөтелсеңіз, кеуде тұсы ауырса, түнде терлесеңіз, демалғанда алқынасыз, әлсіздік байқалса, арықтасаңыз, дене қызуы көтерілсе дәрігерге жүгініңіз.

Денсаулығыңызды сақтаңыз!

24 ақпан мен 24 наурыз айының аралығында  туберкулез ауруын алдын алу айлығы басталды. Осыған орай Жамбыл аудандық емханада СӨС мамандары мен фтизиатр дәрігер Суртаева М.К., психолог Назарова Н. ақпараттық акция өткізді.

Автор:
А.К. Сатова, СӨСҚ кабинетінің валеологі; М.К. Суртаева, фтизиатр дәрігер, Жамбыл аудандық ауруханасы.