Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әскери шенді ұстаздың өнегелі жолдары


21 февраля 2020, 07:35 | 304 просмотра



Егемендіктің таңы атып, көк Туымыз желбірегенде Отанын, елін, жерін қорғайтын оқушыларға әскери патриоттық тәрбиені оқытатын, үйрететін алғашқы әскери дайындық пәні 10 – 11 сыныптарға арнайы пән болып барлық мектептердің сабақ жоспарына 1997 жылдан енгізілді. 2013 жылдан зейнеткер болса да шақырумен колледжде, мектептеде 2018 жылға дейін өзінің істегендерін  аудан, облыс, республика деңгейінде  оқытушы - ұйымдастырушы әріптес інілеріне үйретіп іс – тәжірибесін көрсетіп Қазақстан республикасына танымал ірі түлғаларды шақырып кездесу жиын өткізіп жүрген ардагер ұстаз запастағы капитан Алжанбай Әсет Көшербайұлы   ағамыз 70 жаста.

Кеңес Одағы кезінде АӘД сабағы өткізілді тоқсаныншы жылдары оқу просесінен бір себептермен алынып тасталды. Тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс, оқу,  төтенше министірінің  1996 жылғы бірлескен бұйрығымен 1997 жылдан бастап қазақстандағы барлық мектептердің 10-11 сынып оқушыларына АӘД пен өмір қауіпсіздігі негіздері пәні барлық мектептердің оқу бағдарламасына кіргізілді.Кеңестер одағы кезінде әскери шенді АӘД пәні мұғалімдері мектеп директорының әскери патриоттық тәрбие ісі жөніндегі бірінші орынбасары болып келсе, 1997 жылдан бері өкінішке орай АӘД пәнінің оқытушы – ұйымдастырушысы деген мәртебе берілді. Әскери шенді ұстаздардың ерекшелігі әр мектептерде, бір ғана мұғалім. АӘД сабағы - әскери патриоттық жұмысты жүргізуші,үйлестіруші пән. Оқушылар бұл сабақта тек әскери істерді ғана үйреніп қоймай, сонымен қатар, отаншылдық, отансүйгіштік бағыттағы тақырыптарды талқылайды. Патриоттық тәрбиенің обьектісі мен қайнар көзі – Отан болса, оның мазмұны – ана тілі, халқымыздың салт дәстүрі, мәдени құндылықтары мен тарихы болып табылады. Патриоттық сезімді ұранды сөз ретінде,ғана қолданбай, іс жүзінде жүзеге асыра білу үлкен шеберлікті қажет етеді.

Мемлекет, мемлекеттік рәміздер, Кониституция, Әскери Ту, Әскери жарғы және Әскери ант, Отанның даңқты тарихы туралы дәрістер тыңдап, патриоттық білімдерін шыңдайды. АӘД сабағы арқылы патриоттық тәрбие беру болашақта да өзекті болып қала бермек. Тәрбие мен тәртіп жоқ жерде нәтиже де, даму да болмайды. Қазақстанды « Отаным», «Туған жерім» деп білетін әрбір азаматтың бойына осы ұлы сезімді ұялату – әр ұстаздың басты міндеттерінің бірі – әскери патриоттық тәрбие, ұлттық патриотизм.  Еңбекшқазақ аудандағы Бәйдібек-би аулындағы Медколледжде, А.Н Бубенцов, Қазақстан орта мектептерінде алғашқы әскери дайындық,технология пәнінен, Шелек аулындағы политехникалық колледжде, Балтабай аулындағы мектеп аралық авто ісі  мамандығы бойынша 10-11сыныпқа сабақ берді.

Колледж, мектептерде әскери патриоттық  іс-шараларды 1998 жылдан бері жыл сайын тынбай істеген  ерекше үйымдастырушылық қабылетіңізді бағалап, аудан облыс, республикадағы  Ұлы Отан, Ауған соғысының ардагерлер одағының қолдауымен, қорғаныс, оқу бөлімі істеген еңбегіңізді бағалап 80- нен аса марапат та, мақтау да, мадақтау да алдыңыз. 350-ден аса әскери патриоттық тақырыптағы жазған, өткізген кездесу жиын, сабақтарыңыз  газет-журналдарда жарияланды . Ауған соғысы ардагері атындағы А Н Бубенцов орта мектебінде  5-рет аудандық семинар, 2-рет  Алматы қаласындағы Білім  жетілдіру институтының басшылары ұйымдастырған облыстық семинар жиын ауданда бірінші рет А Н Бубенцов орта мектебінде өткізген, семинар жиынға облыстағы  9 – 7 ауданнан арнайы келген  оқу, қорғаныс бөлімінің мамандары мен семинар жиынға арнайы шақырылған 30 - дан аса АӘД пәні мұғалімдерімен бірге Еңбекшіқазақ ауданындағы 85 А Ә Д пәні мұғалімдері қатысқан жиында 10-11 сынып оқушылары әскери киіммен мектеп алдында әскери парад, жоспарлы сабақ өткізді.Өзі істеген мектепте  К О Б, Рақымжан Тоқатаев, Ыбрайым Қалдыбаев, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев, Қ Р Еңбек Ері, Аягүл Миразова, Жақсылық Ұшкемпіров, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ибраимов, Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Абдрақманов, Бақытжан Ертаев, Бақытбек Смағұл.  7-генерал Бақытжан Ертаев, Ринат Миратурдиев, Иванов Иван Иванович Жан – Ата, Сержан Қазақбаев, Асыл – Кеней Сағынжан Байболұлы, Мақмуд Телегусов, Әбен Алдабергенов,   20-дан аса жоғарғы шенді офицер,10-Ұлы Отан , 50-ден аса Ауған соғысы ардагерлерімен, 15-тыл, еңбек ардагерлерімен кездесулер өткізген. 2006 жылы Алматы қаласындағы  Б Момышұлы атындағы әскери мектепте  Қорғаныс, оқу миністірінің ұйымдастыруымен Қ Р бойынша бірінші рет әскери шенді оқытушылардың  3 – күндік семинар жиынға Әсет аға Алматы облысы атынан қатысты, мемлекеттік тілде баяндама жасады. Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толуына орай шақырумен 2015 жылы «Айтуға оңай», 2017 жылы Қ Р Қ Күштеріне 25 жыл толуына орай «Жетісу» телеарнасынан  шақырумен барып өзі істеген, А Н Бубенцов, Қазақстан тағы басқа орта мектептерінде қазақстан республикасына танымал азаматтарды шақырып аудандық, облыстық  республикалық деңгейде студент, оқушылармен кездесу жиын өткізгені  Қазақстан,  Жетісу телеарнасы арқылы облыста республикада көрсетілді.Телеарнада әскери патриоттық тәрбиеге байланысты көрермендер қойған сұрақтарға жауап бере отырып, іс – тәжірибесі мен жеткен жетістіктері туралы айтты. Әріптестерінің шақыруымен Алматы,  Есік қаласы, Талғар, Райымбек, Кеген, Еңбекшіқазақ  ауданындағы мәдениет үйлерінде, колледжде, мектептерде ұйымдастырып өткізген кездесу жиындарды айтуға болады. 2014 - 2019 жылдары Шелек аулындағы Мәдениет ұйінде, Политехникалық колледжде, Есік қаласындағы Гуманитарлық – экономикалық колледжде, Бәйдібек би аулындағы Медколледжде,А Н Бубенцов Н Островский, Т Аубакиров,  Қазақстан, Ш Уәлиқанов, Т Кенжебаев, О Жандосов, тағы басқа мектептерде кездесулер өткізді. 2003 жылдан бері айына бір рет шығатын республикалық  әскери – патриоттық педагогикалық – әдістемелік А Ә Д – журналының әділқазылар алқасының мүшесі бірінші рет мемлекеттік тілде сабақ жоспарын жазған ұстаздардың бірі. Журналға 35 суретімен 80-нен аса жазған мақалалары арқылы әріптестеріне іс тәжірибесі таратылды.Бір ғасырға жуық тарихы бар Қазақстан мұғалімі газетінде тілші. 15-тен аса медальдың иегері,аудан, облыс,республикаға танымал зейнеткер ұстаз  Ш Уәлихан,  Ы Алтынсарин, Білім беру саласының үздігі, Еңбек үздігі, Қ Р Қ Күштеріне 20-жыл, Ел ардақтысы медальдарының иегері 2013 жылдан бері Әсет аға зейнеткермін деп үйде жатқан емес өз ауданымызда, көршілес аудандардағы колледж, мектептердің шақыруымен барып студент оқушылармен жиі жүздеседі.70 тен ассада әлі де сергек, қимылы ширақ, ойы тұнық, сөзі нық. 13 - Халықаралық мемлекетпен жұмыс жасап жатқан «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінде Алматы облысы бойынша өкілі.

Қазақстан орта мектебінде Қамқоршылық кеңесінің төрағасы запастағы капитан Ажанбай  Әсет Көшербайұлы! Сізді 2020 жылы 2- ақпанда келіп жеткен ардагер, әскери шенді ұстаздық өміріңіздің мәртебелі белесі – 70 жасқа толған туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Көңліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып,Ел ағасы,балаларға аяулы әке, құда – жегжатқа сыйлы, туған – туыс, дос-жарандар алдында абыройыңыз әрдайым артып,ауданға ауылға сыйлы ақсақал болып мәртебеңіз биіктей берсін. Қазіргі білім мен тәрбиенің  маңызды факторы – әскери патриоттық тәрбие, ұлттық патриотизмді насихаттап жүрген аудандағы 85 – тен аса әскери шенді ұстаздардың алдында жолбасы аға болып жүре беріңіз!

Ұлтымыздың шежіресіне бойлап өткенін ойлап, келешегін болжап, Қазақстанымыздың әскери шенді ұстаздарына беріп жатқан тәліміңіз үшін Сізге Еңбекшіқазақ ауданының  ұстаздары атынан алғыс айтамыз.

 

 

 

 

Автор:
Тұрар Баубеков, Есік гуманитарлық – эконамикалық колледжінің АӘД пәнінің ұстазы