Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Egov.kz порталынан Үшінші тұлғаларға анықтамаларды онлайн қалай алуға болады?


21 февраля 2020, 06:19 | 194 просмотра



Өз атыңыздан үшінші тұлғаларға мәліметтерді көруге рұқсат беру үшін мәліметтерді сұратушы тарап порталда авторизациядан өтіп немесе тіркеліп, қызметке онлайн тапсырыс беру батырмасын басуы керек;

Сұрау жасатқан тарап сіздің ЖСН-ініңізді енгізуі қажет;

Берілген анықтамалар мен қызметтер ішінен «Мекенжай мәліметтерін сұрату» қызметін таңдап, ЭЦҚ-мен немесе смс-пароль көмегімен қол қоюы керек;

Бұл ретте, сізге келген смс-хабарламада үшінші тұлғаның сіздің атыңызға мәліметтерді сұратқаны және оған рұқсат беруіңізді сұрайды. СМС-ке жауап 2 сағат ішінде берілуі керек.

Ескерту: Жүйені пайдалану үшін сұратушы тарап пен мәліметтерді ұсынуға рұқсат беруші тараптың ЭЦҚ-сы немесе мобильді азаматтар базасында тіркеуі болуы шарт.

Автор:
"Азаматтарға арналған үкімет " мемлекеттік корпорациясы