Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алматы облысында АӘК 144,1 мың адамға беріледі


20 февраля 2020, 04:45 | 544 просмотра



Әлеуметтің осал топтарына қолдау көрсету басты назарда. Осыған орай былтырғы жылы облыстан 38 млрд. теңге қаражат бөлінген, оның ішінде 3,5 млрд. теңге аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету мақсатында игерілген.

Балабақша мен мектеп қабырғасындағы 42 мың бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Және де жоғары оқу орындарында білімін жалғастырыу үшін 100 әкім гранты тағайындалған. Көпшілікке көрсетілген көмек мұнымен тоқтамақ емес, бүгінде көп балалы аналар қала ішінде қоғамдық көлікте жол жүру билеттері арқылы тегін қатынай алады. Сонымен қатар, 2 277 отбасына көгілдір отын әкімдік есебінен тегін тартылған.  Бұл да ел игілігіне атқарылған шаруалардың бірі. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарға көп көңіл бөлінуде. Жалпы облыс аумағында 67,5 мың мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Олардың денсаулығын жақсарту  мақсатында Іле, Қарасай, Талғар аудандары мен Талдықорған қаласында оңалту орталықтары ашылған.  Ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созу үшін  тағайындалған қаражат есебі 1 млрд. теңгеге өсіп, жалпы көлемі 4,7 млрд. теңгені құраған. Баршаға мәлім жаңа жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек жаңа форматта берілуде. Биылғы жылы 144,1 мың адамға АӘК көрсету жоспарланған. Бұл мақсатта 14,3 млрд. теңге қарастырылады деп күтілуде. Облыс көлемінде 45,5 мың көпбалалы отбасыларға жәрдем ақы тағайындалған.

«Біздің мақсат - АӘК алушылардың қатарынан еңбекке жарамды азаматтарды жұмыспен қамту болып табылады. Бұл үшін «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында 10 млрд. теңге бюджет есебінен бөлінген»,- деп мәлімдеді өңір басшысы Амандық Ғаббасұлы.

Автор:
Анар САБЫРОВА