Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АИТВ-дан қорқудың қажеті жоқ


14 февраля 2020, 03:47 | 731 просмотр



Ұлт саулығы үшін АИТВ жұқпасының алдын алу шараларын өткізудің маңызы зор. Бұл жазылмайтын індетті жұқтырып алып ем іздегеннен гөрі, алдын ала естіп, одан қорғанып жүру әлдеқайда тиімді екені айтпаса да түсінікті шығар.

Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің мамандары  аймақ мектептері мен еңбек ұжымдарын, жоғары оқу орындарын аралап, жастар мен тұрғындар арасында  жыл бойы жоспарлы түрде семинар өткізумен айналысады.

Жуырда АИТВ жұқпасының  алдын алу бөлімінің маманы Меруерт Чажаева Жамбыл ауданына қарасты  Беріктас және Ақтерек ауылдық  орта мектептерінің оқушылары және  мұғалімдері үшін «АИТВ жұқпасының алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.

Интерактивті әңгіме барысында балалар АИТВ-ның берілу жолдары, одан қорғану шаралары, қауіпсіз мінез-құлық ережелері және ең бастысы – өз мәртебеңді білу үшін АИТВ-ға тест тапсыру қажеттілігі туралы білді.

Маман жастарға жұқпалы және паразитарлық аурулардың алдын алуда салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы қадап айтты. Ал бБаршаға ортақ алдын алу шаралары мынадай:

- бейберекет жыныстық қатынастардан бас тарту;

- жыныстық қатынас кезінде қорғаныс құралдарын міндетті түрде қолдану (қауіпсіз секс);

- есірткіні пайдаланудан бас тарту немесе оларды пайдаланған кезде бір рет қолданылатын шприцтерді пайдалану;

- инвазиялардың енуі кезінде стерильді медициналық және медициналық емес аспаптарды қолдану;

- тиісті контингентті АИТВ-инфекциясына уақытында тексеруді жүргізу;

- тек АИТВ-тен тексерілген қанды ғана және оның препараттарын құю.

Дәріс барысында  «Барлығы АИТВ туралы» бейнефильмі көрсетілді.

Ақпараттық және оқу материалдары таратылды. Іс-шараға 200-ге тарта адам қамтылды

Автор:
А.Сұлтанова, Алматы облыстық ЖИТС орталығының маманы