Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Көлік жөніндегі кеңестің отырысын өткізді


7 февраля 2020, 10:56 | 267 просмотров



ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Көлік жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті. 

«Еліміздің транзиттік-көлік әлеуетін дамыту мәселелері – Үкімет жұмысының аса маңызды бағыты. Көлік саласы Қазақстанның экономикалық өсімінің драйверлерінің бірі және дамудың үлкен әлекетіне ие. Осыған байланысты Көлік жөніндегі кеңесті құру туралы шешім қабылданды», — деді А. Мамин. 

Үкімет басшысы көлік секторы Қазақстанның ЖІӨ 8,2% құрайтынын атап өтті. 2019 жылдың қорытындысы бойынша сала өсімінің қарқыны 5,1% құрады, ал жұмыспен қамтылған қызметкерлер саны 640 мың адамнан асады. 

Көлік жөніндегі кеңес Қазақстанның көлік саласын және транзиттік әлеуетін дамытудың өзекті мәселелерін, өңірлік көлік-логистикалық хабты құру, тұрғындардың мобильділігін арттыру, ел аумағы бойынша жүктердің жеткізілу мерзімін қысқарту т. б. міндеттерді қарастырады. 

Кеңес құрамына ҚР мемлекеттік органдарының және көлік саласындағы ірі компаниялардың басшылары кірді.