Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЕЛОРДАЛЫҚ БАСПАСӨЗ ӨКІЛДЕРІ МӘМС ЖҮЙЕСІНІҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ


7 февраля 2020, 10:04 | 72 просмотра



2020 жылғы 5 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласындағы бастапқы медициналық көмек беретін бірқатар медицина ұйымдарында баспасөз өкірдері болып, МӘМС жүйесі бойынша көрсетіліп жатқан қызмет барысымен танысты.

 Баспасөз өкілдері елордадағы № 2 емхананың балалар бөлігінде 18 жасқа дейінгі балалардың қандай медициналық көмектер алып, қандай дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілетіні туралы білсе, № 6 қалалық емханада, сондай-ақ «Медикер Астана» жеке клиникасында ересек пациенттер бағыты, медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін сақтандырылған азаматтар үшін қолжетімді болған жаңа медициналық қызметтер (оңалту және қалпына келтіру ем-шаралары, күндізгі стационар, консультативтік-диагностикалық қызметтер) туралы толық мәлімет алды.

«2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тұрғындарға медициналық қызмет көрсететін 96 медициналық ұйыммен (33 – мемлекеттік, 57 – жекеменшік, 7 – республикалық) келісімшарт жасалды. Олардың ішінде 31-і амбулаториялық-емханалық көмек, 30-ы тәулік бойы стационарлық көмек, 59-ы стационарды алмастыратын көмек, 14-і консультативтік-диагностикалық қызмет көрсететін медициналық ұйымдар», - деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ елордалық филиалының директоры Айдар Кенжетайұлы Сейітқазинов.

2019 жылмен салыстырғанда, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша консультативтік-диагностикалық қызметін қаржыландыру – 3,8 есеге, қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту шараларын қаржыландыру  – 4 есеге артты.

Автор:
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі