Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

МЕДИКТЕРГЕ ДЕ МӘДЕНИЕТ КЕРЕК


1 октября 2010, 12:06 | 1 370 просмотров



Мұндай мәлімдемені Денсаулық сақтау министрлігінің азаматтардың денсаулығын қорғау және білікті медициналық көмекті алу үшін конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне арнал-ған кезекті отырысында Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Сағынбек Тұрсынов жасады.

Расымен де, зайырлы мемлекетте қарым-қатынастың қай түрі болмасын, мәдениетке құрылуы қажет. Ал дәрігерлеріміздің мәдениеті қандай? Бәріне күйе жақпасақ та көбінің сәлемі мен әдебі әжептәуір төмен екенін мойындауымыз қажет. Осы орайда отырыста медицина қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру, ресурстарды тиімді пайдалану, жоғары технологиялық медициналық көмекке қол жетімділік, медициналық қызметтердің сапасы, бәсекеге қа-білеттілігі және қауіпсіздігі туралы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар денсаулық сақтауды жүйелі жаңғырту, адамдардың өмір сапасын түбегейлі көтеру мақсатында заманауи инновацияларды енгізу, олардың денсаулығын жақсарту мәселелері сөз болды.

Мәжілісмен Сағынбек Тұрсынов қазақ стандықтардың медициналық мекемелерде дөрекілік пен ұзын-сонар кезектердің болмағанын және әр адамға нақты уақыт белгіленіп берілгенін қалайтынын жеткізді. «Қазақстанда қашан мықты медициналық диагностика пайда болады және медициналық мекемелерде мәдениетті қызмет көрсетуге қашан қол жеткіземіз?» деп сауал тастады депутат Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысына қарата сөйлеген сөзінде.

Мәдениеттің аздығы бір болса, дәрігер лердің біліктілік төмендігі - екі. Әр емханада әртүрлі диагноз қоятын жағдайлар жиі ұшырасып жатады. Әлбетте, біліктілік төмендігін дәрігерлердің өзі жалақының төмендігімен байланыстыратыны белгілі. Соған орай, мәжілісмен бастаған топ ауылдық жерлердегі ақ халаттылардың айлығын көтеруді ұсынып отыр. Бұл олардың ақша табу мақсатында «қара базарда» жұмыс жасамауына жағдай жасайды. БҰҰ халықтың орналасуы жөніндегі атқарушы өкілдігінің мәліметін келтірген С. Тұрсыновтың айтуынша, Қазақстан үшін өлімнің алдын алу шараларын басты назарға қою қажет. Ажал келіп жатса бір жөн, дәрігерлердің салақтығы мен жайбасарлығы, тіпті мәдениетсіздігінен де ерте қайтыс боп кетіп жатқан жандар көп. Егер өлімнің алдын алу жөніндегі шаралар жоғары деңгейде жолға қойылса, онда Қазақстанда еңбек өнімділігін арттыруға қабілетті азаматтар саны да жоғарылар еді. Себебі жастар арасындағы өлім саны жоғары. Өкініштісі сол, аурудың алдын алатын мамандар тапшылығы да сезіледі.

Диагностика дамымаған. Медицина қызметкерлерінің әлеуметтік деңгейінің төмен болуы да білікті кадрлардың басқа салаларға ауысып кетіп отырғанын көрсетеді. Енді медицина қызметкерлерінің жетіспеушілік проблемасын сөз етсек. Шалғай ауылдарда, әсіресе, бұл мәселе тым қиын. Кей ауылдарда бір көз дәрігері ғана бар. Алайда өз ауылы үшін ол әмбебап маман. Бәрін білгендіктен емес, дәрігердің жоқтығынан. Басы ауырған да соған барады, жүрегі қысылған да оған барады. Өзге амал жоқ. «Мұндай жағдайда мәдениетті сөз етудің өзі мүмкін емес» дейді құзырлы комиссия. Мұның бәрі - науқас құқығының шектелуі. Ол сапалы ем алып жатқан жоқ. Мәселені шешудің тетіктерін қарастырғандарыңыз абзал» деп атап өтті Сағынбек Тұрсынов.

Автор:
«ЖД» ақпарат