Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

МӘМС жүйесінің Нұр-Сұлтан қаласындағы жұмыс барысы туралы ақпарат


31 января 2020, 08:30 | 263 просмотра


«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңын орындау барысында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді. 

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1406 байланыс орталығының жұмысы 24/7/365 тәртібіне көшті.

МӘМС енгізілген күннен бастап бүгінге дейін 1406 байланыс орталығына азаматтардан 14 141 өтінім түсті.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша осы аралықта 75 шағым тіркелді. Түскен шағымдар бойынша халықты ақпараттандыру және өтінімдерді қарау бөлімінің мамандары тиісті медициналық ұйымдармен байланысып, шағымда көрсетілген сұрақтарды соңына дейін шешілгенше бақылауда ұстайды», - дейді  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Айнагүл Хабдонғалиқызы Дәулетшина.

«Бүгінгі күні 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тұрғындарға қызмет көрсететін медициналық ұйымдар саны – 97 (33 – мемлекеттік, 57 – жекеменшік, 7 – республикалық), олардың ішінде 31-і амбулаториялық-емханалық көмек, 30-ы тәулік бойы стационарлық көмек, 59-ы стационарды алмастыратын көмек, 14-і консультативтік-диагностикалық қызмет көрсететін медициналық ұйымдар», - деп атап өтті Медициналық сақтандыру қорының елордалық филиалының өкілі.

Автор:
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі