Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Медицина жаңғыру жолында


1 октября 2010, 12:03 | 1 211 просмотров


Елбасының бастамасымен өмірге келген «Ұлттық медициналық холдингтің» жұмысы бүгінде өзіндік ерекшеліктерімен танылып отыр.

Ең бірінші холдинг тіркеуден өтіп, оның директорлар кеңесі құрылды. Осы директорлар кеңесінің тапсырмасы бойынша холдингтің 2020 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасы жасалды. Ол бойынша экономикалық жай-жапсар толық екшеліп, қай жылдарға дейін емхана шығынмен жұмыс жасайды, маркетингті тиімді жүргізу арқылы қай жылдан бастап шығынының орнын толтырып, әрі қарай пайдамен жұмысын дамытатындығы қарастырылды.

Қазіргі күні сол стратегиялық бағдарламаға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Холдинг құрамындағы емдеу орындары жана заманнын тiлегіне сай жоғары маманданған жумысқа лайыктанған медицина қурал жабдықтармен камтамасыз етілген алты курделі орталыктан турады. Жеке-жеке айтар болсақ олар –Ұлттық ана мен бала, Диагностика, Нейрохирургия ғылыми орталықтары, Республикалық балаларды сауықтыру орталығы, Қазақ медицина академиясы және 2010 жылы пайдалануға берілетін Кардиохирургиялық орталық пен осы жылдың аяғында ашылып қала ма деп күтіп отырған Жедел жәрдем ғылыми орталығы. Қазіргі күні ақционерленудің оңды қадамдары жасалып жатыр.

Біз қазір холдинг құрамына енген құрылымдардағы барлық клиникалық бағдарламалар мен технологияны зерделеп, олардың кемістіктерін толықтыру арқылы жоғары маманданған толық медициналық қызмет көрсетуге лайықталғанын немесе әліде лайықталмағанын анықтауға кірістік.

Жабдықталу жағынан қиындықтар жоқ, клиникалар соңғы үлгідегі заманауи техникалармен қамтамасыз етілген. Мамандар да баршылық. Бірақ, әрине мамандар мәселесі шешілген деп айта аламаймыз. Бұл жерде тек қана оларды оқытумен шектелу мүмкін емес. Қазіргі заманда техникалық үдеріс бір орында тұрған жоқ қой, сондықтан жаңа технологияларды меңгерген кадрлармен жасақталу алдыңғы кезекте тұрған мәселе. Бұған қоса біздің назарымызды қадап, баса мән беретініміз ол–біздің ходинг құрамындағы емдеу орындарының науқасқа сапалы ем жасауын бақылауға алуы дер едім.

Бұл да біздің бүгінгі күні ең басты назардағы, күн тәртібінде тұрған іс. Елімізде бұрын-соңды болмаған бизнеске бағытталған емдеу мәдениетін қалыптастыруда әрине халықаралық тәжірибеге сүйеніп, олардың басқару әлеуетін пайдаланбасақ болмайды. Сондықтан әлемдегі ең алдыңғы қатардағы мәселен американдық HCСA, немістің Asklepios, Vivantes, Freiburg, ағылшыннның IHG, австриянын Vamed, канаданын Kazanada, туркиянын Acibadem, израильдын Sheba, тайландтын Bumrungrad сынды 11 жетекші компанияларымен келіссөздер жүргіздік. Енді нақты ұсыныстарды күтіп отырған жай бар. Соған қарағанда 1-2 клиниканы сенімді басқаруға береміз ғой деп ойлаймын. Және мұндай әріптестік бірнеше деңгейде жүргізілуі мүмкін. Оның алғашқысы– техникалық ресурстарды басқару, екіншісі–операциялық қызметті басқару, ал соңғысы–толық сенімді басқару болмақ. Бірді екілі клиниканы мұндай басқаруға беру басқару технологиясы трансфертінің маңызды жолының бірі. Алайда толық сенімді басқару ұзақ мерзімдегі стратегиямызға жатпайды.

Холдинг әлемге әбден танымал: Microsoft, General Electric, Джонс Хопкинс университеті сынды брендтермен әріптестігін дамыта береді. Стратегиялық әріптес ретінде қарастырылатын Джонс Хопкинс университетінің америкалық ең үздік клиника атағын 17 жыл қатарынан ешкімге ұстатпай жеке өзі иеленіп келе жатқандығын атай кеткен жөн. Ал осындай дәрежедегі академиялық орталықпен әріптестік біздің алға қойып отырған мақсатымыз–денсаулық саласындағы менеджменттің ұлттық кадрлерін даярлауға қол жеткізеді. Сонымен бірге академиялық әріптестік холдингтің барлық құрылымдарында жүріп, басқарудың барынша кең ауқымын қамтып, клиникалық және ағартушылық бағдарламалар бойынша да жүзеге асады. Және жоғарыда айтылған сапалы медициналық қызмет көрсетудің халықаралық стандарттарына жетуде әріптестіктің берері мол Келешекте осы әріптестерімізбен бірлесіп холдингті басқарудың ең бір тиімді жолын қарастырған Қазақстанның құқықтық–нормативтік базасына сәйкестенген, кадрларының әлеуетін ескере отырып, пациенттеріміздің үміттерін ақтайтындай жоба әзірлеу де басты мақсаттарымыздың бірі.

Өкінішке орай біздің азаматтарымыз шетелдерге барып емделуде. Біздің мақсатымызда отандық медицинаға деген азаматтардың сенімін нығайту басым бағыт болып саналады. Пациенттердің емдеу орнында қандай бір инфекция жұғып қалады немесе диагнозды қате қойып бұрыс емдейді деген күдіктері сейіліп, оның орнына бізде де сапалы, қауіпсіз ем жүргізіледі деген сенім орнауы қажет. Ал әзірге шетелдерде емделіп жатқан азаматтарымызбен бірге мол қаражат сыртқа кетуде. Және науқас туысын кім жалғыз шет жерге жіберген, бір адам емес кейде отбасының бірнеше мүшесі бірге барады. Олардың қонақүйге жатуы, жүріп-тұруы, тамақтануына қанша қаражат кетеді? Егер сол ауруларды елде емделетіндей етсек, онда холдингтің бекерге құрылмағандығы. Қазіргі күні Нейрохирургиялық орталықта әлемдік озық инновациялық әдістерді меңгерген профессор Ақшолақов бұрын шетелде ғана жасалатын операцияны өзімізде атқаруда.

Жекелеп алғанда нейрохирургия саласында, бірақ біз емдеу көрсетудің түрлерін кеңейте береміз. Мысалға әйелдер денсаулығын алайық. Оларға тек жүкті кезінде ғана назар аударған мүлде жеткіліксіз. Сол себептен мәселені кешенді қарастыру бағытында вакцина жасау арқылы жатыр мойынының қатерлі ісігінің алдын алу жағын қарастырып, вакцинаны ойлап тапқан шетелдік компаниямен жұмыс жасаудамыз. Қатерлі ісіктердің ішінде тек осы ауруға ғана вакцина табылды. Вакцина кейбір жағдайда ғана жасалмайтынын айта кетейін. Оның себебі, ауру тудыратын папилома вирусы ағзада табылған жағдайда алдымен оны антибиотиктермен емдеу қажет. Сонымен бірге сүт безі қатерлі ісігін болдырмауда ертерек диагностика жасап, қатерлі аурудың алдын алуға болады. Қазір әйелдер денсаулығына қатысты осындай жұмыстарды кешенді түрде қолға алу үшін германиялық мамандармен келісіп қойдық.

Қазіргі күні өкінішке орай дәрігерлердің еңбек-ақылары онша емес. Осы жерден туатын мәселе– студент бітіргеннен кейін аз-мұз жалақыға еңбек ететінін біледі, оның алдында мен жоғары еңбекақы алатын ауруханаға жұмысқа тұруыма болады деген стимул жоқтығынан ол сабағына да жүрдім-бардым қарайды. Ал академия студенттері алдында енді өзгеше мақсат бар. Ол енді жақсы оқыса еліміздегі ең үздік клиникаға жұмысқа тұра алады, жақсы еңбекақысы болады. Осы мақсатта ағылшын тілін меңгерген, жақсы амбицияда білікті маман болуға ұмтылған студенттер іріктелініп, оларға жетілген медициналық технологияларды меңгеруге тиімді жағдай туғызылады және холдингтің келісімдері бойынша шетелге барып оқуына мүмкіндік туады. Сөйтіп осылай даярланған студент американдық USMLE лицензия-

сын иеленіп, өз бетінше АҚШ-та клиникалық резидентураға түсуіне жол ашылады. Ал мұндай маманданудан өткен азаматтар ушін ұлттық холдингтін есігі қашанда ашық.

Айта кетейік, біз жоғары білімді маман дәрігерлер даярлаудан тыс медбикелерге де зор мән береміз. Олар иммитациялық оқу орталықтарында даярлаудан өтіп, робот муляждардың және компьютердің көмегімен түрлі жағдайларда көмек көрсетуге әзірленеді. Біз өзінің білімі мен білігін арттыруға құлықты әр маманға жан-жақты көмек көрсететін боламыз.

Қазір біз клиникаларымызда еңбекақыны дифференциялды төлеуді межелеп отырмыз. Еңбекақы төлеудің механизмін толық өзгертсек дейміз. Себебі, науқастарды емдеу түрлі дәрежеде еңбектенуді қажет етеді. Ауыр нау-қасқа қарағанда жеңіл ауруды емдеу дәрігерге оңайырақ. Мысалға күрделі кейбір хирургиялық науқасты емдеу немесе оған операция жасау үшін дәрігердің миына қанша салмақ түседі, операция кезінде 5-10 сағаттап түрегеп тұрады, ал эмоциялық түсетін жүкті қайда қоямыз? Сондықтан мұндай еңбекке 15-30 мың теңге емес өз дәрежесінде жоғары еңбекақы төленуі тиіс. Бұл жерде әрине біздің бюджеттік қаражаттан өзге қосымша қаражат тартуымызға да көп нәрсе байланысты. Өз денсаулығына инвестиция тартуды көздейтін барлық Қазақстан және шетел азаматына жоғары дәрежедегі маманданған медициналық жәрдем көрсетуге дайынбыз.

Автор:
Алмаз ШАРМАН, «Ұлттық медициналық холдинг» құрылымның басшысы