Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Алла» сөзі таңбаланған нәресте


1 октября 2010, 12:01 | 1 667 просмотров



Тараз қаласындағы Көшеней көшесінде жуырда таңғажайып оқиға орын алды. Аталмыш көше тұрғындары Наталья Бойцова мен Михаил Астраханцевтердің отбасында осыдан бір ай бұрын дүниеге келген ұлдары Богданның білегінде түсініксіз белгілер болған еді.

Енді міне, олар ол белгілердің арабша «Алла» және «Мұхаммед» деген жазулар екендігіне көз жеткізіп отыр. Қасиетті Құдай сөзі таңбаланған нәрестенің анасы Наталья бастапқыда оның білегіндегі қызыл дақтарға еш мән бермегенін айтады. Тіпті перзентхана қызметкерлері де алдымен бұны кей адамдарда тумасынан болатын меңге ғана балапты. Алайда уақыт өте келе білектегі дақтар жазуға ұқсай бастаған соң, нәрестенің ата-анасы оны орталық мешіттегі дін өкілдеріне апарып көрсетуді ұйғарыпты. «Алдымен Алланың мұндай кереметіне сене қоймадық. Имам бұл екі жазуды «Алла» және соңғы пайғамбар «Мұхаммед» деп тәржімалап берген соң ғана ойлана бастадық. Алла әмірі мен шапағатының дәл біздің отбасымызға түскеніне таңғалдық. Себебі менің де, жолдасымның да әулетінде ислам дінін ұстанушылар жоқ, болмаған да. Десек те, бәрін көруші, білуші, естуші Алланың ықыласын дәл біздің шаңырағымызға төккені бізді ерекше қуаныш-

қа бөлейді», - деп ой бөліседі Наталья Бойцова.

Тағы бір таңғаларлығы, ерекше сәби дүниеге мерзімінен бұрын келіпті. Мұндай балаларды әдетте дарынды, алғыр келеді деп жатады. Сондай-ақ Алланың өз белгісін адам денесіне салуы да сирек кездесетін құбылыс екені рас. Сондықтан болар нәрестенің анасы «тіл-көздің сұқтануынан» сақтанып, оның тек білегіндегі жазуды ғана суретке түсіруге рұқсат етті. Отбасындағы үшінші перзенттеріне Богдан деп есім берген Наталья «Бізге дін өкілдері бұл таңбаның мәңгілікке сақталатынын, әрі баламыздың бойында уақыт өте келе бір үлкен қабілет- дарынның пайда болатынын айтты. Сондай-ақ Алланың назары түскен баламызды ұрып-соғуға, жазалауға, ренжітуге болмайтынын да ескертті. Мұны мүмкін отбасымызда бір адамның исламға бет бұру керектігі деп те түсінген жөн болар. Бұл, әрине, асығыс шешім жасауға болмайтын мәселе. Бәрі - алдағы күннің еншісінде», - дейді. Қалай болғанда да бұндай таңғажайыпты Жаратушының адамдарға өз құдіретін, өз қасиеті мен кереметін тағы бір рет таныту, оны ұмытқандар болса еске салу деп білген жөн шығар...

Автор:
«ЖД» ақпарат