Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тема: Общество/Қоғам

ҚР Денсаулық сақтау вице-минстрі Л.Ақтаева - №5 қалалық емханада


24 января 2020, 05:22 | 695 просмотров



2020 жылғы 23 қаңтарда ҚР Денсаулық сақтау Вице-министрі Л.Ақтаева жұмыс сапары аясында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары М. Шорановпен, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры А.Сейітқазиновпен және «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ-дағы РМК қалалық филиалының директоры С.Құрмановамен бірге № 5 қалалық емханада болды. Мақсат -  медицина ұйымдарының ТМККК пакеті және МӘМС жүйесі аясында тұрғындарға қызмет көрсету барысымен  танысу.

Емханалардағы жұмыс сапарының қорытындысы бойынша  медицина қызметкерлерімен тұрғындарға медициналық көмек көрсету барысында туындаған проблемалық мәселелер талқыланды. Осыған байланысты, денсаулық сақтау саласына енгізіліп отырған реформаны лайықты жүзеге асыру мақсатында, медициналық қызмет сапасы мен оның қолжетімділігін арттыру жолдары қарастырылды. Сондай-ақ, ТМККК және МӘМС пакеттері аясында медициналық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсету шараларын жетілдіру жөнінде ұсынымдар айтылды.

Автор:
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі