Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алматы облысы бойынша 2019 жылдың желтоқсан айына дейін 12,8 млрд теңге жарна түсті


23 января 2020, 10:29 | 629 просмотров



«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» 2017 жылдың 1-ші шілдесінен 2019 жылдың 31 желтоқсан аралығында 12,8 млрд теңге түсті.

Жүйе іске қосылғаннан бері Алматы облысы бойынша 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 31 желтоқсан аралығында жұмыс берушілер мен жекеменшік кәсіпкерлерден міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға түскен жарнаның жалпы сомасы 11,8 млрд теңгені құрады.

Оның 11,2 млрд теңгесі (94%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 0,6 млрд теңге (6%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

Автор:
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы