Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«МӘМС: Қазақстан медицинасын трансформациялау»


25 декабря 2019, 05:27 | 876 просмотров



Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазмедиа орталығында «МӘМС: Қазақстан медицинасын трансформациялау» республикалық форумы өтті.

Форумды Премьер-Министрдің орынбасары Б.М.Сапарбаев ашып, 2020 жылы іске қосылатын денсаулық сақтау жүйесінің өзгерістерін талқылау үшін бас қосқан жиналған қауымға құттықтау сөзін жолдады.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.А.Біртанов Қазақстандағы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі, оны іске қосу дайындығы мен жүргізіліп жатқан реформаның тиімділігін нақтыласа, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы А.Н.Жұмағұлов МӘМС-ті жүзеге асырудағы қаржылық оператордың роліне тоқталды.

Ал Литва медициналық сақтандыру Ұлттық қорының директоры Гинтарас Кацявичюс пен Түркиядағы Social Security Institution «Әлеуметтік қамтамасыз ету институты» сақтандыру басқармасының бас директоры Savas Alic өз елдеріндегі МӘМС жүйесімен таныстырды.

Форум барысында Үкімет, Денсаулық сақтау министрлігі, Медициналық сақтандыру қоры өкілдерімен қатар, дәрігерлер, қоғам қайраткерлері, белсенді пікір білдірушілер мен мен блогерлер де сөз алып, сұрақ-жауап түрінде Қазақстанның МӘМС жүйесін іске қосу дайындығы мен жүргізіліп жатқан реформаның тиімділігін қарастырды.

Форум аясында МӘМС тақырыбына арналған конкурс жеңімпаздарын - үздік деп танылған дәрігерлер, журналисттер мен блогерлер марапатталды.

Форумды ұйымдастыруда ӘМСҚ орталық аппараты мен Қордың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының басшысы А.К.Сейітқазинов пен орынбасары А.Қ.Дәулетшина бастаған қызметкерлері белсене атсалысты.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – дамыған елдерде жүзеге асқан реформа, қазір бұл елдердің денсаулық сақтау деңгейі бүкіл әлемге белгілі. МӘМС – еліміз медицинасын жаңа деңгейге апарар жол!

Автор:
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі