Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Болашаққа бағдар берген «ҚДСҚСКО» –ның ХIII съезі


19 декабря 2019, 16:01 | 395 просмотров



«Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» (ары қарай ҚДСҚСКО)  ҚБ  Жарғысының  6.1 тармағына, Орталық Кеңестің 2018 жылғы 12 желтоқсанның  6 п.1 Қаулысының жоспарланған кестесіне сәйкес барлық құрылымдарында (бастауыш кәсіподақ ұйымынан бастап облыстардағы филиалдарда) жопарланған кесте  бойынша 2019 жылдың қаңтарынан бастап тамыз айына дейін есеп беру - сайлау  жиналыстары, конференциялары өтті.

Қорытынды сатысы ретінде  -9-шы желтоқсанда Еліміздің астанасы Нұр-Сұлтанда «ҚДСҚСКО» –ның ХIII съезі өз жұмысын бастап кетті. Съезге Республикамыздың түкпір-түкпірінен 42 делегат, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау  Министрлігінен  қызметкерлер құрамын басқару Департаментінің директоры Э.Ш. Баймағамбетова, «Аманат Қазақстанның кәсіподақтар ынтымақтастығы» кәсіподақтар Республикалық қауымдастығының төрағасы Пригорь А.И., кәсіподақ ардагерлері  съезд жұмысына қатысты. Кәсіподақтың соңғы 5 жыл ішінде атқарып өткен жұмысы мен жетістіктері туралы «ҚДСҚСКО» –ның төрайымы М.С. Бутина  баяндама жасады.

Есеп беру кезеңінде салалық Кәсіподақ 2016-2019 жылдарға  арналған «Денсаулық» - денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға  және оған  сәйкес ресурстарды ұтымды пайдалануды арттыруға белсенді қатысты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің  № 1193 еңбекақы төлеу жүйесі туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге ықпал етті. ҚР Еңбек кодексінің жобасын талқылауға белсенді қатысты, кәсіподақтар 117 –ден астам ұсыныстар мен толықтырулар енгізді. Олардың арасында ұжымдық шарт және келісімдердің барлық түрлері - Бас, салалық  және өнірлік құқықтық актінің мәртебесін сақтау сияқты негізгі ұғым бар. Медициналық ұйымдардарда, атап айтқанда зиянды еңбек жағдайларында болған жағдайда, зейнетақы жасындағы адамдар жұмыс істеуге құқылы екендігі туралы өзгерістер кәсіподақтың тікелей қатысуымен енгізілді. Есеп беру кезеңінде денсаулық сақтау ұйымдарында еңбекті қорғау және қауіпсіздік жағдайын бақылау, техникалық инспекторлардың қызметін дамыту және жетілдіру бойынша  пәрменді шаралар қабылданды. Қаржы тәртібін күшейтуге, барлық деңгейдегі кәсіби орган басшыларының жауапкершілігін арттыруға бағытталған шаралардың арқасында «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығы (СОО) іске  қосылып және қосымша емдеу  корпусымен кеңейтілді. Кәсіподақтардың сауықтыру жұмысы әрқашан қызметкерлердің күші мен денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін маңызды міндеттердің бірі болды. Есеп беру кезіеңінде «Денсаулық» СОО 5000-нан астам, ал Республика бойынша басқа курорт, санаторияларында 50000-ға жуық кәсіподақ мүшелері сауықтырылды.Кәсіподақ мүшелерінің  құқықтары мен мүдделерін қорғауды тек соттарда ғана емес, сонымен  қатар кәсіпорындарда келісу комиссяларында сотқа дейінгі тәртіппен жүзеге асырылады, соттарда адвокат жалдауға кеткен шығындарының бір бөлігін кәсіподақ өндіріп береді. Кәсіподақ комитеті төраға (төрайым)-дарына және кәсіби активтерге көмек ретінде баспаханада қысқа ақпараттық брошюралар, әдістемелік құралдар тапсырыс беріліп, дайындалды. Тоқсан сайын «Кәсіподақ хабаршысы» басылып шығарылды. Кәсіподақ активін дайындауға үлкен көңіл бөлінеді. Ф.Эберт қорымен,  Franklin Coveу Kazakhstan компаниясымен, Ұлыбритания елшілігімен бірлесіп және өз тарапымыздан көптеген семинарлар ұйымдастырылды. Семинарлар кәсіподақ белсенділерін дайындауға ықпал етеді, олардың білімін байытады және еңбек дауларын  баламалы шешу бойынша дағдыларды жетілдіреді. Жақын және алыс шетелдердің туыстас кәсіподақтарымен, халықаралық кәсіподақ қозғалысымен сыртқы байланыстарды нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда. Съездің күн тәртібі бойынша кәсіподақтың бақылау- тексеру комиссиясының есебі де тыңдалды. Талқылауда Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген 7 делегат сөз алып, мінбеден сөйледі. Есепті кезеңдегі Кәсіподақтың Орталық кеңесінің жұмысы «қанағаттанарлық» деп танылды.

Талай жылдар бойы  «ҚДСҚСКО» –ны сауатты басқарып, кәсіподақ қозғалысының тарихында көптеген жетістіктерге жеткізіп өз ізін қалдырған М.С. Бутина   өзінің сайлауға түспейтіні туралы мәлімдеді. Сайлау тартысты, демократиялық үлгіде өтті. Төрағалыққа үш үміткер ұсынылды. Бір үміткер өзінің зейнеткерлік жасқа келгенін алға тартып ,  сайлауға қатысудан бас тартты. Екі үміткер  және олардың жақтастарының арасындағы іскерлік- достық қарым-қатынасқа нұқсан түспес үшін, делегаттар жабық (құпия) дауыс беруді жөн көрді. Дауыс беру  қортындысы бойынша «ҚДСҚСКО» –ның төрағалығына Тәжібай Бақытжан Арынұлы сайланды.    Б.А. Тәжібай 1974 жылы дүниеге келген, 3 баланың әкесі, медицина ғылымының кандидаты, Ресейдегі Санк-Петербург гуманитарлық Жоғарғы Кәсіподақ университетін «қызыл» дипломмен бітірген, дәрігер-педиатр, хирург, 20 жылдан астам еңбек өтілі бар. Жұмыс барысында өзінің кәсіподақтық қызметін шетелдік конференция, семинарларда білімін жетілдірген. Кәсіподақ  жұмысын бастауыш кәсіподақ ұйымының  төрағалығынан бастап Астана  филиалына төраға, «ҚДСҚСКО» –ның төрайымының орынбасарына дейінгі дәрежеге өзінің адал еңбегімен, жігерлілігімен, көшбасшы азамат ретінде қол жеткізді.

Күн тәртібіне сәйкес «ҚДСҚСКО» –нің  Жарғысына өзгертулер енгізілді және де 2020-2024 жылдарға арналған жұмыс БАҒДАРЛАМАСЫ қабылданды. «ҚДСҚСКО»  төрағасы Б.А.Тәжібай және съезд делегаттары көп жылдар бойы кәсіподаққа қалтқысыз қызмет етіп, еңбек адамының әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлкен үлес қосқан М.С.Бутинаға шексіз алғысын білдіріп, рахметін айтты.

Міне кезекті съезде  өтті. Енді біздің алдымызда кәсіподақ ұйымдарының қаржылық, кадрлық мәселелерін, ұйымдастырушылық іс-әрекеттерін әрі қарай жетілдіру және дамыту міндеттері тұр. Себебі, бізде әлі де болса шешуін таппаған біраз мәселелер бар. Барлық жасалып жатқан іс-шаралар, атқарылып жатқан қыруар жұмыстардың мақсаты да сол жеме-жемге келгенде- кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, әлеуметтік жағдайын жақсарту. Яғни «Біздің күшіміз-бірлікте» ұраны бұрынғысынша өз күшінде.

Автор:
А.Шалтабаев, «ҚДСҚСКО» Талдықорған филиалының төрағасы.