Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тема: Общество/Қоғам

Туу куәлігін қайталап алу үшін онлайн өтініш беру


12 декабря 2019, 09:09 | 769 просмотров



Егер балаңыздың туу туралы куәлігін жоғалтып не бүлдіріп алған болсаңыз, оның телнұсқасын алуға өтінішті ХҚО-ға бармай-ақ, онлайн беруге болады.
 Әдеттегідей, сізге egov.kz көмектеседі. 
Ең алдымен порталда авторланып, «Туу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш алу» қызметін таңдаңыз. Оған онлайн сұрау салып, ЭЦҚ-мен немесе бірретік парольмен қол қойыңыз. 
Қызмет ақысы
Мемлекеттік қызмет құнын төлеу үшін картаңызды пайдаланасыз, Қызмет құны – 1 АЕК.
🖥Өтінішіңіздің қабылданғаны және дайын болғаны туралы ақпарат жеке кабинетіңізде көрінеді. 
Дайын құжатты алып кету үшін мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне жүгінесіз.  Өзіңізбен бірге жеке кабинетіңізге келген хабарлама мен жеке басты куәландыратын құжат болуы қажет.
Онлайн қызметті баланың туу туралы жазбасы 2007 жылдың 13 тамызынан бастап жазылған азаматтар ала алады
Автор:
"Азаматтарға арналған үкімет " мемлекеттік корпорациясы