Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Талдықорғандық мемлекеттік корпорация қызметкерлері қан тапсыру акциясына қатысты


18 ноября 2019, 10:01 | 839 просмотров



«Жүректен-жүрекке» атты  арнайы акция өтті. Қан беріп, науқастарға мейір бағыштауға арналған қайырымдылық шарасына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы облысы бойынша филиалының 50 ден астам қызметкері қатысты.

 Аталған акция  аймақтық қан орталығының  бастамасымен ұйымдастырылған.   Донор болу корпорация қызметкерлерінің жыл сайынғы дәстүрлі шараларының біріне айналған. Облыстық медицина саласы мамандарының айтуынша, қан беру денсаулыққа пайдалы. Қан тапсырған адамның ағзасы тазарып, қан қысымы реттеледі.

Сондықтан дәрігерлер дені сау әр адамға жылына 3 рет донор болуға кеңес береді.Талдықорғандағы мамандандырылған ХҚКО қызметкері Ақмарал Көшкінбаева:  — «Донор — ол дені сау адам.   Көптеген науқастар қосымша қанға тәуелді. Біз аталған акцияға қатысу  арқылы ең алдымен, донорлыққа мұқтаж жандарға көмек беруді көздейміз. Мен өзім алғаш рет қан тапсырып жатырмын. Бұл акция бір емес, бірнеше өмірді сақтап қалуға септігін тигізетініне сенімдімін », – деді.

Облыс бойынша ауруханалардағы науқас жандарға донор қанын құю күнделікті қажеттілік. Сол себепті дертке шалдыққандарға қол ұшын беріп, өміріне үміт сыйлауға ниеттенген барша қызметкелерге айтар алғысымыз шексіз, – дейді облыстық қан орталығы басшысының орынбасары Серік Әбдіразақов.

Автор:
"Азаматтарға арналған үкімет " мемлекеттік корпорациясы "