Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алдын алу жұмыстары - Ақсу ауданында


14 ноября 2019, 15:36 | 93 просмотра



Алматы облысында жүргізіліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқанына орай Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығына қарасты Талдықорған филиалының мамандары Ақсу аудандық полиция бөлімі жеке құрамымен,  Жансүгіров ауылындағы Сәтбаев мектебі мен №21 кәсіптік-техникалық лицей оқушыларымен, «Айжұлдыз» балабақша тәрбиешілерімен кездесу өткізді.

ЖИТС-пен күрес бойынша іс-шаралар мақсаты – АИТВ жұқпасы жайлы тұрғын халықты ақпараттандыру, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Эпидемиолог-дәрігерлер  Р.Ақашева мен Д.Серікболатов ақсулық тұрғындарға және жасөспірімдерге аймақтағы соңғы эпидемиологиялық жағдайды айтып берді.

Жастарға індетті жұқтыру жолдарын, алдын алу шараларын түсіндіріп, әдепті мінез-құлық денсаулық кепілі екеніне көздерін жеткізді.

Автор:
И.Баймолданов, Алматы облыстық ЖИТС орталығының маманы