Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тәрбие мамандарының басын қосты


14 ноября 2019, 15:34 | 78 просмотров



Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқаны аясында Алматы облыстық ЖИТС орталығына қарасты Талдықорған филиалы мамандары қалалық №14 орта мектептің  мәжіліс залында қала мектептері директорларының тәрбие істері жөніндегі орынбасарларының басын қосып, дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Жиында дәрігер-эпидемиолог Рая Ақашева еліміздегі және облыстағы соңғы жылдарда қалыптасқан эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды.

–Алматы облысында осы кезге дейін АИТВ жұқпасының 3372 жағдайы тіркелген, 2019 жылдың 9 айында АИТВ жұқпасын жұқтырған 249 жағдай тіркелді. Жағдайдың өсуі: Талдықорған қ. - 22, Жамбыл ауданында - 9, Қаратал ауданында - 8, Іле ауданында - 4, Кеген ауданында - 3. Текелі қаласында – 2, Ұйғыр ауданында 1. Қазіргі таңда негізінен жыныстық жолмен, сонымен қатар иньекциялық есірткі тұтыну арқылы жұқтыру кеңінен таралуда.  Өзінің АИТВ-статусын білмейтін адамдардың бұл вирусты басқа адамдарға жұқтыру қаупі жоғары, бұл жағдай адамның өзіне ғана емес қоғамға да қауіпті екенін ұқтырады, – деген Рая Байшалқызы ұстаздар қауымын жастар денсаулығын сақтау жолында күш-жігер біріктіріп, науқанға белсене қатысуға шақырды.

Алда атқарылар алдын алу жұмыстарының жоспары жайлы дәрігер Айжан Кәріпханова бөлісіп, тәрбие жұмыстарының негізгі аспектілеріне тоқталды.  

Дөңгелек үстелде тәрбие мамандары өз ойларын ортаға салып, келелі пікір қозғады.

Басқосу соңында №14 мектеп директоры М.Сансызбаева қатысушыларға алғысын білдірді.

Автор:
Р.Сахариев, Алматы облыстық ЖИТС орталығының маманы.