Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

МҮГЕДЕКТЕР КӨЛІК МІНДІ


23 сентября 2010, 19:43 | 3 701 просмотр



Ақтөбелік мүгедек жандарға ендігі арнайы екі көлік қызмет етіп, оларды қалаған жеріне тегін тасымалдайтын болады. Бұл атаулы сыйды жарымжандарға қаладағы «Сәби» қайырымдылық қоры жасап отыр. «Фольксваген» маркалы екі көліктің өзгелерден бір ерекшелігі, ол электрлі лифт қондырғысымен жабдықталып, түгелдей адамның көмегінсіз басқарылады. Яғни кез келген мүгедектің оған ешкімнің жәрдемінсіз еркін мініп-түсуіне мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ «Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қорғаудың Ақтөбе қалалық қоғамы» қоғамдық бірлестігі жуық арада тағы да бір жағымды жаңалықтың куәсі болмақ. Таяуда республика түгіл, ТМД-да теңдесі жоқ мүгедектерге арналған арбаларды жасап әрі жөндейтін шағын зауыт Ақтөбеде ашылғалы отыр. Айта кетерлігі, арнайы үш таксиге тапсырыстар алдын ала телефон арқылы қабылданып, мүгедектерге қызмет кезекпен көрсетілмек. Ұйымдастырушылар әрбір жолаушы тек қана жұмыс орны мен ауруханаға барумен шектелмей, ретіне қарай мәдени орындарға да ат басын бұра алатынын айтады. Ал жанар-жағармай құны мен жүргізушінің жалақысын өтеуді жергілікті «Емшан» мен «Рамазан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері өз мойындарына алыпты.

Автор:
«ЖД» ақпарат