Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ҮРДІСТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ


23 сентября 2010, 19:42 | 2 239 просмотров


Бұқаралық ақпарат құралдарында бұдан бұрын хабарланғанындай, өткен аптада Астана қаласында «Болашақ госпиталі» I-ші Халықаралық Медициналық Іскерлік Форумы өтті. Оның жұмысына ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев, ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиев, сондай-ақ республикалық және халықаралық медицина жұртшылығының өкілдері қатысқан-ды.

Іс-шараның ұйымдастырушысы – «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың ауруханалық басқарудың халықаралық тәжірибесін тарта отырып, елімізде «Болашақ госпиталін» құру туралы тапсырмасын орындау осы Форум өткізудің міндеті болып табылады. Форум өткізуде Қазақстанның Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі жағдайындағы медициналық ұйымдарды басқарудың тиімді түрлерін әрі қарай зерделеу және енгізу өзектілігі ескерілген.

Форумның негізгі мақсаттары – денсаулық сақтаудағы менеджменттің әлемдік және отандық үрдістерін талқылау үшін дискуссиялық алаңды құру, Форум қатысушылары арасында іскери серіктестік қарым-қатынастарын дамыту, отандық медицина ұйымдарының басшыларына шетелдік әріптестерінің басқарушылық тәжірибесімен танысу мүмкіндігін ұсыну. Күн тәртібіне денсаулық сақтау ұйымдарын басқару, саладағы мемлекеттік-жеке меншік серіктестік, медициналық ұйымдарды аккредиттеу-

дің халықаралық стандарттары, пациентке бағдарланған күтім, ақпараттық технологиялардың рөлі жөніндегі мәселелер және саладағы басқа да өзекті мәселелер енгізілді.

Сондай-ақ Форумға ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, «Нұр Отан» ХДП, бірқатар министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, денсаулық сақтау басқармаларының аумақтық органдарының басшылары, мемлекеттік және жеке меншік медициналық ұйымдарының, сондай-ақ үкіметтік емес денсаулық сақтау ұйымдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Форумның бірінші күнінде баяндамаларымен алдыңғы қатарлы әлемдік сарапшылар және денсаулық сақтауды басқару саласындағы АҚШ, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия, ТМД елдерінің халықаралық ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ отандық мамандар сөз сөйледі.

Екінші күні стратегиялық жоспарлау, медициналық қызметтердің сапасы, ақпараттық технологиялар, корпорациялық басқару, бизнес-үрдістерді оңтайландыру және қаржы менеджменті секциялары бойынша ауруханалық басқару саласындағы қазақстандық және шетелдік дәріскерлерінің қатысуымен оқыту семинарларының топтамасы өткізілді.

Форумға маңызды спикерлер ретінде Халықаралық Біріккен Комиссиясының (Join Comission International) Еуропа аймағы бойынша басқарушы директоры доктор Карло Рампони (Франция), Профессор, Оклахома университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің халықаралық денсаулық сақтау факультетінің деканы доктор Асаф Аль-Асаф (АҚШ), Таяу Шығыс және Африка аймағындағы «Интернешнл-SOS», «Occupational Health and Kazakhstan» компаниясының медициналық директоры доктор Бо Диис (БАӘ) сияқты денсаулық сақтау саласындағы беделді сарапшылары және басқалар да шақырылды.

Халықаралық Медициналық Іскерлік Форумы жыл сайын өткізілетін болады деп жоспарлануда.

Автор:
«ЖД» ақпарат