Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі


5 ноября 2019, 15:58 | 237 просмотров



Панфилов аудандық көпсалалы колледж студенттері арасында «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі», «Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу» тақырыбында көпсалалы колледж психологі және медбикенің ұйымдастыруымен студенттер арасында кездесу сабақ өтілді.

Мақсаты: Ерте жүктіліктің алдын алу,салт-дәстүрді қыз баланың бойына сіңіре отырып,келешекте ана алдында қоғамның,ұлттың тыныс –тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіру,әдепті,сыпайы,адамгершілігі мол,білімді жан-жақты жетілген қыз бала болуға тәрбиелеу;

Ерте жүктілік,оның алдын алу жолдары туралы студенттерге айтып түсіндіру;                                                              

Ұрпақ тәрбиесіне байланысты ата-бабалар ілімдері туралы түсініктерін қалыптастыру;

Отбасын құру мен бала тәрбиесіне байланысты жауапкершіліктерін арттыру,отбасы тәрбиесі мен ақыл тәрбиесінің мән-мағнасын ашып көрсету. 

Қатысқандар:1,2,3 топ студенттерінің қыздары,Директордың ОТЖЖ орынбасары Ысқақбек Ақпейіл Азаматқызы,Семинарға аудандық салуатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің мамандары,колледж пмихологі, медбикесі қатысты.

Көпсалалы көлледж психолог маманы Қаламқас Жұмашқызы «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында баяндама оқыды.

Кесдесуге  аудандық емханадан келген мамандар:Оразбақова Г мен Шалимбаева Л өз сөздерінде қыз бала қандай болу керек, жасөспірімдік шақ қандай кез? Ерте жүктілік немен қауіпті?,оның ағзаға зияны,Етре жүктіліктен қалай сақтануға болады? Қандай алдын алу жолдары бар?етеккір қай кезде келеді,қанша күн,қыз бала мен анасы,жігіті немесе қоршаған ортадағы қарым-қатынас т.б туралы әңгімелер қозғалып түсіндіріп,бейнеролик көрсету арқылы қорытындылады.                                                

Психолог маман Қаламқас Жұмашқызы мен медбике Ахмет Дильназ бой сергіту мақсатында психологиялық жаттығу жасатып,ой қозғады:

Қыз-әкесіне жұлдыз,(шешесіне күн)                                                                                                                                                                                    

Қыз қылығымен (жағады)                                                                                                  

Қызы бардың-көзі бар (Ұлы бардың-өзі бар)

Жақсы қыз –жағадағы құндыз, (Жақсы жігіт-төбедегі жұлдыз)

Анадан өнеге көрмеген қыз жаман (Атадан өнеге алмаған ұл жаман).

«АҚ жолға бастайтын жетекшілер»: Адамның басшысы-Ақылы,жетекшісі-талап,шолушысы-ой,сынаушысы-халық,қорғаушысы-сабыр,қоғанышы-мінез,ең қымбаттысы-ар,таусылмайтыны-арман,барлығынан қымбаттысы-өмір осыны бойына сіңіре білген  адам тәрбиелі адам –деп кездесу аяқталды.
Кезесу соңын колледждің математика пәнінің мұғалімі  Қоқанова Назгуль Керімқызы айтылған әңгімелерді,күнделікті өмірдегі өзкерістер,болып жатқан жағдайларды салыстыра отырып өз ойын білдіріп,келешеқте қыздарымыздың инабатты,тәрбиеліқыз болып өсулеріне,өзекті мәселелердің туындамауы туралы айтты.

Автор:
Г.С. Оразбақова, СӨС бөлмесі валеолог ШЖҚ «Панфилов көпсалалы ауданаралық ауруханасы» КМК