Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

500 грамм салмақпен туған сәбилер өмір сүріп жатыр


23 сентября 2010, 19:37 | 2 350 просмотров



Түркі әлемі педиатрларының 10-шы халықаралық конгресінде балалардың шетінеуін азайту, аурудың алдын алу жұмыстарын жүргізу, балаларға жоғары сапалы көмек көрсету сынды мәселелер талқыланды.

«Педиатрия және бала хирургиясының өзекті мәселелері» деген тақырыппен өткен конгресте Қазақстандағы бала өлімі соңғы 5-6 жылда едәуір азайғанын тілге тиек еткен Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев: «Біз 500 грамм салмақпен дүниеге келген балаларды, яғни 6 айлық балаларды түсік санаушы едік. Соңғы 2,5 жылдан бері мұндайларды бала есебіне қосып, сәбиге үлкен көмек көрсетіп жатырмыз. Нәтиже өте жоғары. Мәселен, 500 грамм салмақпен туған балаларда тек демалу және жүректің соғу рефлексі ғана болады. Біз сол баланың бетін бері қаратып, ата-анасының қолына береміз», - деді. Сөз арасында полиомиелитке қарсы егілген 6 жас-

қа дейінгі балалардың бірде-біреуінде кері реакцияның анықталмағанын айтқан министр: «Біз қысқа уақыт ішінде балаларымызға 100 пайызға жуық полиомиелитке қарсы екпе жасадық. Кейбір балалардың ағзасына жақпай қалу деректері кездесті, алайда кері реакция болған жоқ», - деді. Жиын барысында Қазақстандағы педиатрия саласының толайым табыстарын әңгіме ауанына айналдырған

Ж.Досқалиев елімізде Арал апаты жағдайында балаларды емдеу, аурудың алдын алу сынды проблемалармен жұмыс істеудің мол тәжірибесі бар екендігін жеткізіп: «Дәл біздікіндей тәжірибе басқа елдерде жоқ. Қазақстанның профилактикалық іс-шараларды қалай дұрыс жүргізу керек, ауруды ерте анықтау, емдеу, диагноз қою сынды мәселелерді бірінші баяндауға авторлық құқы бар», - деді. Конгресте Қарағанды қаласында дәрігерлердің кінәсінен мүгедек болып қалған балаға қатысты оқиғаға түсінік берілді. «Мен бұл жеке оқиға екенін айт-

қым келеді. Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды сараптап жатыр. Нақты кімнің кінәлі екенін тап басып айту қиын. Біз толық зерттеу жүргіземіз, содан кейін ғана мәлімдеме жасаймыз», - деді еліміздің бас дәрігері журналистерге берген сұхбатында. Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды қаласының Мақажанов атындағы клиникасының ортопед дәрігерлерінің 2 жыл бойы 6 жасар

Диасты дұрыс емдемеуінің салдарынан баланың сол аяғы өсуін тоқтатып, омыртқасы қисайып қалған болатын.

Дәрігерлер оған екіжақты пертес ауруы деген диагноз қойған. Диагноз дұрыс болмаған, себебі бала сүйек туберкулезімен ауыр-ған. Мәселенің мән-жайы белгілі болғасын нау-

қастың анасы Марал Матаева сотқа шағымданып, дәрігерлерден 10 миллион теңге талап етті. Сонымен қатар ол бөлімше меңгерушісі мен баланы емдеген 3 дәрігердің әрқайсысына миллион теңге «салық салды». Шағымданушының талабын жартылай қанағаттандырған сот бөлімше меңгерушісінен - 200 мың, ал дәрігерлерден 100 мың теңгеден өтемақы өндіріп алу туралы шешім шығарды.

Автор:
Қанат МАХАМБЕТ Астана