Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

БАСТЫ ФАКТОР - АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ


23 сентября 2010, 19:36 | 2 151 просмотр


Алматы облыстық клиникалық ауруханысында тәжірибелі әрі білімді мамандар қызмет етеді. Бұл мекеме Алматы облысы бойынша науқастарды қарайтын болғандықтан, осы ауруханада емделушілер саны өте көп.Науқастардың көпшілігі ауруына шипа тауып, толығымен жазылып осы аурухананың дәрігерлеріне ризашылығын білдіріп, алғыс айтып тұратыны жайлы бірнеше мәрте естігенбіз. Енді осыған өзімізде куә болдық. Әңгіме Алматы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханың Урогинекология бөлімінің жұмысы туралы болмақ.

Шыныбаев Талғат Басболатұлы, Уро»гинекология бөлімінің меңгерушісі: «Аурухана « бұл үлкен жүйе . Ауруханаға адамдар шипа алу мақсатымен келеді. Сол себептен ауруханадағы барлық мамандардың жүйелі түрде еңбек етуі өте маңызды. Біздің қолымызға сан түрлі ауруға шалдыққан науқастар келеді. Біздің мақсатымыз оларға лайықты ем беріп, толығымен жазып шығару. Сол мақсатымызға жетіп жүрміз деп ойлаймын. Кез-келген аурухананың жұмысы көптеген факторларға байланысты болып келеді. Ол алғашқы жедел жәрдем, қабылдау бөлімінің жұмысы, зертхана жұмысы, медбикелердің мейірімді еңбегі, дәрігерлердің біліктілігі – барлығы бірімен тығыз байланысты. Біреуі екіншісінен артық жұмыс істейді деп айту қиын, барлығының мақсаты бір «науқастардың өміріне араша болу, дертінен аман-есен емдеп шығару. Осы мақсатта барлығы аянбай тер төгіп еңбек етеді.Әрине, осымен қатар басшылықтың жұмысы да ерекше орында. «Балық басынан шіриді» дегендей жақсы басшының ар-қасында мамандар да өте жақсы қызмет жасайды.Мысалы біздің бөлімшеге жаңа және қымбат құрал сатып алынды. Осы құралдың арқасында біз науқастарды операциясыз емдеуге болады.Бұл науқастардың тез оңалып кетуіне жақсы. »

Талғат Басболатұлы аурухананың жұмысы туралы айтып, медбикелер жұмысына ерекше тоқталды. Кейде көпшілік медбикелердің еңбегін елемей жатады. Ал шын мәнінде олардың жұмысы ауыр. Бірақ қанша қарасақта осы бөлімше медбикелерінің еш-қайсы ерекше еңбек жасағандай жүрмейді. «Бұл біздің жұмыс, ерекше ештеңе тынлырып жатқан жоқпыз тек науқастарымыз жазылып кетсе болды » дейді медбикелер бір ауыздан.

Шыныбаев Талғат Басболатұлы : «Медбикелер қызметіне келесі міндеттер кіреді: қабылдау бөліміне түскен сырқат адамдарды қабылдап, дәрігерлер берген бағыттама бойынша жұмыс жасайды, тексеруге апарады, содан кейін дәрі-дәрмектерін құяды, уколдарын салып, операцияға дайындайды. Жалпы, науқас адамдардың күтімімен айналысады. Медбикелеріміз нау-

қастарға өзінің жақын туыс адамы сияқты қарайды. Аянбай еңбек етіп, мейірімін аямайды.

Автор:
Мадина ОМАРҚҰЛОВА, Алматы қаласы