Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ИНСУЛЬТТІ БОЛДЫРМАУ ҮШІН НЕ БІЛУ КЕРЕК?


23 сентября 2010, 19:34 | 10 227 просмотров



Инсульт дегеніміз не?

Инсульт-бастың қан айналым жүйесінің жедел бұзылысы. Оның нәтижесінде бас миының әртүрлі бөлімдерінің қызметі бұзылады.

Инсульттің себептері.

Инсульттің негізгі себебі -бас миына қан алып келетін тамырларының зақымдануы. көп жағдайда қан тамыр жүйесінің атеросклероздық және гипертониялық бұзылыстармен қатар жүреді.

Инсульт екіге бөлінеді:

1-ші - геморрагиялық (бас миына немесе оның қабықтарына қан құйылу. 2-ші ишемиялық (бас миының инфаркті).

Ишемиялық инсульт, геморрагиялыққа қарағанда 4 есе жиі кездеседі. басқа қан құйылу себебі көбіне - қан қысымының көтерілуі, яғни қан тамырларының жарылуы.

Бас миының инфаркті қан тамыры бүтін күйінде де бола береді. қан тамырларының бітелу себебі- атеросклероздық табақшалармен қан тамырларының бітеліп қалуы қан қысымы төмендеп кеткен жағдайда да болады.

Инсульттің тағы бір негізгі себебі - ол қан тамырларының тромбоэмболия салдарынан бітеліп қалуы. көбінесе бұл жүрек инфрктін алған адамдарда, жыпылықтаушы аритмияда, ревматикалық жүрек ақауларында, туы біткен жүрек кемістігінде байқалады. көп жағдайда бас миының инфаркті қан қысымы жоғары жағдайда болады.

Инсульттің ағымы.

Бас миының инсульті тез дамиды -бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін. кейде бір-екі күнге дейін созылуы мүмкін. инсульттің ағымын үшке бөлеміз:

1-ші -жедел -21-30 күнге дейін;

2-ші- қалпына келу-1 жылға дейін;

3-ші -резидуальді -1 жылдан ары қарай.

Инсульттің көріністері және симптомдары.

Инсульттің жиі кездесетін белгілері:

1-ші - аяқтардағы қозғалыстың бұзылысы - әлсіздік, қолда, бетте, ауырлық сезімі.

2-ші - сезімталдықтың бұзылысы - бетте, қолда, аяқта, шынтақта көбінесе бір жағынан көп кездеседі.

3-ші - сөйлеудің бұзылысы - керекті сөздерді айтуға қиналады, анық айта алмайды, афазмя, дизартрия.

4-ші - көрудің бұзылысы - қосарланып көріну, бұл бұзылыс көбіне бір көзде болады.

5-ші - тұрақтылықтың бұзылысы - теңселу, айналу, жүрістің тұрақсыздығы.

Инсультқа күмәнданған жағдайда мына 3 негізгі көрсеткішке қараймыз: бет бұлшық еттерінің әлсіздігі, қозғалыс әлсіздігі, сөйлеу бұзылысы.

Инсульт бар деген күдік туған жағдайда, науқас дәрігерге қаралғанға дейін өз жағдайын бағалай алады:

Бет бұлшық етінің әлсіздігі (науқас тісін көрсете ала ма және күле ала ма?)Қалыпты -беттің екі жағы да бірдей қозғалады.Патология- беттің бір жақ беті екіншісінен төмен қозғалады.

Қолдың қозғалысы (науқас көзін жұмып, екі қолын алдыға ұстап тұрады).Қалыпты-екі қол да бірдей қозғалады. Патология- бір қолы қозғалмайды немесе түсіп кетеді.

Сөйлеу (науқас жаңылтпаш айта ала ма) қалыпты-науқас сөздерді өз орнымен анық айта алады. Патология - науқас сөздердің орындарын ауыстырады, түсініксіз айтады немесе мүлдем айта алмайды.

Инсультке шалдыққан адамдардың күтімі:

Медициналық емнен басқа, инсультпен ауырған науқастарға дұрыс күтім жасау көптеген қатерлі асқынулардың алдын алады. күтімнің ұзақтығын және бірте-бірте қалпына келуін дәрігер шешеді. Инсульт алған науқастар бірінші күндері қатаң төсек режимін сақтау қажет. инсульттің жедел кезеңінің қатерлі асқынулары: 1) өкпенің қабынуы (пневмония, науқастың жатқан жағдайына байланысты); 2) ойық жараның пайда болуы; 3)су тепе-теңдігінің бұзылысы 4)аяқ көктамырларының тромбозы; 5)қайталамалы инсульт.

Болжамы.

Өмірдің және ағза қызметтерінің қалпына келуінің болжамы әр түрлі факторларға байланысты. олардың ішіндегі ең негізгісі: науқастың жасы, жүрек аурулары (жыпылықтаушы аритмия, жүрек жеткіліксіздігі). бас миының зақымдануы дәрежесі, қантты диабет және әр түрлі қосалқы аурулар.

Жалпы қарағанда, инсульттен кейін бір айдан соң науқастардың 35%-ы қайтыс болады, оның 80 пайызы миға қан құйылудын, 20 пайызы бас миының инфарктінен болады. Инсульт алған науқастардың 50 пайызы бір жылға дейін қайтыс болады. қайталамалы инсульттің болу жиілігі бір жылда - 20 пайыз. инсульттен кейінгі науқастардың өмір сүруі жданұясына, туыстарына, жақындарына да байланысты. инсульт алған науқастың 60 бір жылдан кейін өз-өзіне келеді, 20 қиын жұмыстарды атқарғанда біреудің көмегін қажет етеді. 15 басқаның көмегіне қатты мұқтаж, ал 5 мүлде ешнәрсе жасай алмайды.

Инсульттің алдын-алу.

Инсульт әйелдерден гөһрі ер кісілерде жиі кездеседі. қауіп факторларына: науқастың жынысы, жасы, тұқымқуалаушылық факторлар жатады.

Инсульттің негізгі қауіп факторлары:

Артериялық гипертензия, чғни жоғары қан қысымы;

Шылым шегу;

Жүрек аурулары;

Қантты диабеті;

Май алмасуының бұзылысы;

Алькогольді ішімдіктерге әуестік;

Ауыз арқылы қабылданатын контрацевтивтер қолдану.

Артериялық гипертензия.

Артериялық гипертензия - ишемиялық және геморрагиялық инсульттің ең қауіпті факторы болып табылады. мұнда систолалық та, диастолалық та қан қысымы көтерілуінің қауіп дәрежесі бірдей. Артериялық гипертензияның емі дұрыс әрі тиімді болған жағдайда, инсульт қаупі екі есе төмендейді. Артериялық қан қысымын 140/90 мм. с.б.б. дәрежесінде сақтап тұру шарт.

Шылым шегу.

Шылым шегу- жүректің және бастың қан тамырларында атеросклероздың және тромбтардың пайда болуына әкеледі. Шылым шеккен адамдарда инсульт қаупі екі есе ұлғаяды.

Жүрек аурулары.

Жүректің ишемиялық сырқаты, жүрек жеткіліксіздігі, жүрек ақаулары, жыпылықтаушы аритмия кезінде инсульт екі есе жиілейді.

Қантты диабет.

Қантты диабет - үдемелі түрде атеросклероздың қалыптасуына әкеледі. Емдәмді сақтау, қандағы қанттың мөлшерін төмендету, тұрақты түрде қандағы глюкозаның мөлшерін есептеп тұру инсульттің алдын алады.

Май алмасудың бұзылыстары.

Қандағы холлестериннің көбеюі ұйқы және коронарлы артериялардағы атеросклерозға әкеп соғады. Бұндай науқастарға тұрақты статиндер ішіп тұру қажет.

Алкогольді ішімдік.

Алкогольді ішімдік ішу- артериялық қан қысымының жоғарлауына әкеп соғады. осының әсерінен кардиомиопатия, жүрек фрғағының бұзылыстары пайда болады.

Қайталамалы инсульттің алдын алу

Әрбір бесінші инсульт қайталамалы инсульт болады. Қайталамалы инсульттер өте ауыр өтеді және 1,5 пайыз жағдайда өліммен аяқталады. Бүкіл әлемде 1,5 млн. адам инсульт алған. 1 жылда 4-14 % қайталамалы инсульт алады.

Қайталамалы инсульттің негізгі қауіп факторлары.

Артериялық гипертензия;

Бас миын қанмен қамтамасыз ететін артерияның атеросклероздық зақымдануы;

Жүрек аурулары: жыпылықтаушы аритмия, инфаркттен кейінгі атеросклероз, жүрек ақаулары, жармақшалардың протездену;

Қантты диабет;

Шылым шегу;

Алкогольді ішімдік қолдану.

Инсульт алған науқас төмендегі шарттарды орындауы қажет:

1.Шылым шегуден бас тарту;

2.Алкогольді ішімдіктен бас тарту;

3.Дене салмағын қалыпты жағдайда ұстау;

4.Күнделікті физикалық жүктемелермен айналысу;

5.Қан қысымын тұрақты түрде қадағалау.

Егер науқас ишемиялық инсульт немесе транзиторлы ишемиялық шабуыл алған болса, онда күнделікті тромбқа қарсы дәрілер қабылдауы керек: ацетилсалицил қышқылы, клопидогрель.

Жыпылықтаушы аритмия болған кезде жармақшаның протездену кезінде ауыз арқылы қабылданатын ең тиімді дәрмектер - антикоагулянттар (варфарин, синкумар).

Артериялық қан қысымын тұрақты бақылау - қайталамалы инсульттің, сонымен қатар өмірге қауіп төндіретін жағдайдың алдын алады.

Автор:
А.Ш. ШАЯХМЕТОВА. дәрігер-невропатолог