23 сентября 2010, 19:16 | 3 233 просмотра
XV ғасырдан келе жатқан халық медицинасының тамыры тереңде . Әлем ғалымдары зертегендей біздің ата-бабаларымыз өз кезінде қазақ халық емшілігінің құдіретін еңбек етіп жазып кеткен. Соның бірі қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы 1388-1483 жылдары өмір сүрген қазақ ғұламасы. Әкесі Тілеуқабылдың қасында жүріп көп нәрсені үйреніп, өсе келе атақты Лұқман хакімнен дәріс алған. Алланың рақымымен, бойындағы шипагерлік қасиетімен көпке танылған. Түрлі шөптерден дәрі жасап, көп ізденіп, халық емшілігінің негізін қалаған. Бүкіл жаратылыстың кілті қасиетті Құран Кәрім болса, сол жаратылыстың тылсым сырларының кіліті ғұлама ғалым, қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы өз ақыл қолымен жаратқан «Шипагерлік Баян» атты кітабы болады.
Жаратушы иеміз. өзінің қалауымен қалаған пендесіне өз тарапынан қасиеттілікпен, игілікті, әдептілікпен данышпандылықты жібереді. Кімде-кім осы қасиеттерге ие болса, онда ол пенде ел ішінде. Алла құзырында көптеген игіліктерге ие бола алады. Бұл ақиқат ғалым Өтейбойдақ Тілеу-
қабылұлы міне бүкіл адамзат маңдайына біткен, киелі қазақ елінің ортасынан шыққан қасиетті Құран Кәрімде айтылған адам. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы өзінің ұлы еңбегінің мәніне жету үшін астраномияны, философияны, психологияны, этнографияны, ұлттық салт-сананы, тарихты тығыз ұшастыра отырып жасаған. Табиғаттың жалпы әлемді өз заңдылығымен бір-бірінен бөліп жасауға болмайтынын, барлығын біртұтас дене ретінде қорғауға, әр түйіннің сәйкестігі мен әр қиылыстың нанымдылығын, біз тәнті еткен ұлы шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы десекте болады. Араб қарпінен көшіргендер: Кәрім Елепмеске, Дүкен Мәжімханға ризашылығымызды білдіріп, Алланың жарылқауын тілейміз.
Еліміз қуатты мемлекет болуы үшін ел руын көтеретін халық емшілері де халыққа ауадай қажет. Халық емшілерінің абыройын көтеріп, елге, халыққа танытып жүрген ағамыз, халық емшілері қауымдастығының президенті, Зиядан қажы Қожалымовқа алғысымыз зор және шексіз деп айта кеткім келеді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен халық емшілерін жиып, бойына қуат, жүрегіне шабыт берген жан. Халық емшілері қауымдастығының еңбегі бізге сабақ десекте болады. Ұлы бабаларымыздың бірден-бір бастаған жолы ақ адал. XV ғасырдың ұлы ғұлама емшісі Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы емшілердің сырқат жанға айтылар сөз мәнері мен мәдениетіне анық анықтама берген. Ауру адамдар емшіге тәні мен жанына бір дауа іздеп келетінін ескеріп, емшінің айтқан сөзі, жұмыс орны әсерлі де, күшті болуы қажет. Ата-бабаларымыздың қанымен ауысқан емшілік қасиет әр кез ізденуді тазалықты қажет етеді. Дертке дауа іздеп жүрген әр адам өз емшісіне кезігіп дертіне шипа тапса сол адамға бар тағдырын тапсырып, үлкен сенімге кіреді. Ғұлама шипагер сенім арқылы науқастың жаны мен тәні тазарып, тез айығуға мүмкіндік туады. Барлық сырқат Алладан. Оның да жазылуы бір Алладан екендігіне үлкен мән берген. Шипагер қазақтың қарапайым халықтық «қара емін» талдап, өз тәжірибесінен өткізіп, жеті өлшеп бір кесіп өзінің ақыл-ой таразысынан өткізді. Ол өзінен бұрынғы Орта Азия мен шығыстан шыққан ғұламалар еңбегімен таныса отырып, ұлттық идеядағы ғылыми медициналық энциклопедиялық еңбегі «Шипагерлік баяның» осыдан бес ғасыр бұрын жазуы, ұлттық мәдениетіміздің бір саласы емшілік өнерімен осы заманғы медицинаның негізін қалағынан білдіреді. Шипагердің ғылымнамасы мәңгілік ұлт мақтанышына айналары анық. Сол үшін бүгінде емшілерге бірге алып жүріп оқитын негізгі оқу құралына айналды.