Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Білгеніңіз – ұзақ өмір сүргеніңіз


29 октября 2019, 15:40 | 253 просмотра



Жыл сайын 29 қазанда бүкіл әлем бойынша бойынша Дүниежүзілік инсультпен күрес күні атап өтіледі. Бұл өзі қандай ауру? Инсульт дегеніміз не? және оның салдары қандай?

Инсульт – бас миында қан айналымының тез бұзылуынан пайда болатын ауру, оның нәтижесінде мидың ұлпасы зақымдалады, оның жұмысы бұзылады.

Инсульттың қауіпті салдарларын бәрі біледі: қозғалыстың жартылай немесе толық жойылуы, сөздің бұзылуы, ес пен психиканың бұзылуы.Инсульттың алдын алу, басқа көптеген аурулар сияқты оны емдеуден арзанырақ және анағұрлым тиімді.Аурумен ауырған адамдардың көбі толыққанды бұрынғы өмірге орала алмайды, ал инсульттың сатылы алдын алуы аурудың болуын нақты маңызды азайтады.

Дегенмен, инсульт болған жағдайда не істеу қажет?

Егер инсульт басталса (бас миының қан айналысының жедел бұзылысы), уақыт жоғалтуға болмайды. Бірақ әр уақытта диагнозды жылдам қоя алмайды.Инсультке бас ауру, құсу, есті жоғалту, қозғалыстың қиындауы тән.Бірақ, мұндай белгілер түрлі ауырсынулармен жүруі мүмкін. Сондай-ақ, инсульт адамда күтпеген жерде болуы мүмкін. Келесі белгілерге көңіл бөлу керек:

1 Аяқ асты қолда, аяқта, бетте әлсіздік пайда болу және сезінуді жоғалту. Бұл белгілер жиі дененің бір бөлігінде ғана кездеседі(оң немесе сол).

2.Сөздің бұзылуы, сөйлегенде қиналуымен сипатталады.

3.Көру қабілетінің жедел бұзылуы (төмендеуі немесе жоғалтуы).

4.Жалпы жақсы жағдайда және жақсы сезінуде дамитын үстемелі бас ауруы.

5.Естің бұзылуы – уақыт пен орынды айыра алмаумен, есте сақтау қабілетінің төмендеуімен сипатталады.

6.Лоқсу мен құсу, жүргенде тұрақсыздық, жұтудың бұзылуы.

Кейбір жағдайларда әрекеттің алғашқы әріптерімен аталатын КСҚ-тесті қолданады, оны науқасқа қолданады: К – күлу; С – сөйлеу; Қ – қолды көтеру. Тесттің нәтижесі оң боп саналады (егерде инсульттың белгілері болуы жағдайында), егер күлген кезде беттің асиметриясы анықталса, сөйлеу барысында айтылған сөзді ұыну қиындаса, көтерілген қолдың біреуінде әлсіздік байқалса.

КСҚ-тестінің аналогы боп FAST: F- face (бет) саналады. Асимметриялық мимика, «қисық» күлкі. A – arm(қол). Жансыздану, қозғалыстың шектелуі. S- speech(сөз). Түсініксіз дикция, мас адамдыкіндей.Т - time(уақыт). «Жедел жәрдем» шақырыңыз, шұғыл. Шұғыл!

29 қазанда Жамбыл аудандық емханада СӨС кабинетінің мамандары және психолог Абдрахимов А.  Инсульттің  белгілері және алдын алу туралы халық арасында  ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізді.

Автор:
А.К. Сатова СӨС кабинетінің валеологі, Г.Б. Тилимисова неврапатолог дәрігер Жамбыл аудандық ауруханасы.